2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 20-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанында шет мемлекеттердің байқаушылары қосымшаға сәйкес аккредиттелсін.
  2. Шет мемлекеттердің байқаушыларына тиісті куәліктер берілсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары М.Т. Ерманға жүктелсін.
Постановление
Дата публикации
21 июля 2026