Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау бойынша сайлау округтерін құру тәртібі туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабына, 21-бабының 1, 4-тармақтарына және 22-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау бойынша сайлау округтерін құру тәртібі осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін.
  2.  Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау бойынша сайлау округтерін құру тәртібі туралы» 2022 жылғы 22 қарашадағы № 110/604 және «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 22 қарашадағы № 110/604 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 135/636 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
  4. Осы қаулы оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қаулы
Дата публикации
03 июля 2026