«Банк мекемесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 17 шілдедегі №11/234 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Банк мекемесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 17 шілдедегі №11/234 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспеде «Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы                       24 сәуірдегі №555 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату қағидаларының 43-тармағына» деген сөздер алып тасталсын;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, мәслихаттарының депутаттығына тіркелген кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттары ашылатын және жүргізілетін банк мекемесі «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамы болып айқындалсын»;

  1. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
  2. Осы қаулы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қаулы
Дата публикации
02 июля 2026