«Ауыл» партиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігін Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға қатысуға жіберу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 1) және 2-1) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Ауыл» партиясы»Республикалық қоғамдық бірлестігі 2026 жылғы   23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға қатысуға жіберілсін.
  2. Осы қаулы астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссияларына жіберілсін.
  3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
Қаулы
Дата публикации
02 июля 2026