Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларының қоса беріліп отырған тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
  2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
  3. Осы қаулы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 2-тармағының тоғызыншы және он бірінші абзацтарында көзделген өзгерістерді қоспағанда, оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қаулы
Дата публикации
23 июня 2026