Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруУақытша тіркелген азаматтар сайлаушылар тізіміне олардың жергілікті атқарушы органдарға берген өтініші негізінде ғана енгізілуі мүмкін.
Сайлаушы өзінің болатын жерін ауыстырған кезде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін алуға құқылы. Есептен шығару куәлігін тиісті сайлау комиссиясы өтініш пен жеке куәлікті ұсыну негізінде береді.
Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін көрсеткен кезде учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беретін күні сайлаушыны оның болатын жері бойынша сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізеді.
Тиісті сайлау комиссиялары азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдерін сайлаушыларға танысу үшін дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда табыс етеді.
Азаматтарға тиісті сайлау комиссияларының үй-жайларында сайлаушылар тізімдерімен танысу, сондай-ақ оларға енгізілген сайлаушылар туралы деректердің дұрыстығын тексеру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдеріне тиісті шет мемлекетте тұратын немесе ұзақ мерзімді шетелдік іссапарда жүрген және республика азаматының жарамды паспорттары бар барлық азаматтар енгізіледі.
Шет мемлекеттерге жеке шақыру бойынша, қызметтік, іскерлік және туристік сапарларға келген республика азаматтары учаскелік сайлау комиссиясына өтініш жасаған кезде және оларда Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты болған кезде сайлаушылар тізіміне енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған, белсенді сайлау құқығы бар азаматтары.