GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Бөлім туралы
Қызметі
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
16 апреля 2026
Бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды

«Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

«Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Достық үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, А-1-3 санаты.

Лауазымдық айлықақысы еңбек өтіліне байланысты 181 571 теңгеден 220 151 теңгеге дейін.

     Функционалдық міндеттері:

          «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ «Достық үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Мекеме) қызметіне басшылықты жүзеге асырады. Кадрларды іріктеуді, олардың біліктілігін арттыру үшін тиісті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді. Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуын ұйымдастырады. Өндірістік-шаруашылық қызметке басшылық етеді. Шығармашылық, мәдени-бұқаралық және әдістемелік жұмыстардың ағымдағы және перспективалық жоспарларын жасайды, оларды «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-ге (бұдан әрі – Бөлім) бекітуге ұсынады. Мекемені барлық ведомстволар мен ұйымдарда таныстырады, оның қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігіне жауап береді. Ішкі еңбек тәртібі қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді, барлық мамандар мен техникалық қызметкерлердің жұмысын бақылайды, олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын айқындайды. Өз құзыреті шегінде өкімдер береді және олардың орындалуын қадағалайды. Қызмет туралы есепке алуды және есептілікті жүргізеді. Жұмысқа жүйелі түрде талдау жасайды. Кітапханалармен, білім беру мекемелерімен, клубтық мекемелермен, қоғамдық ұйымдармен және т.б. өзара іс-қимылды ұйымдастырады. Мәдени-бұқаралық және бос уақытты өткізу шараларын дайындауға және өткізуге тікелей қатысады. Өзінің кәсіби деңгейі мен шеберлігін арттыру бойынша жұмыс жүргізеді. Қызметкерлер арасында еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық өткізеді, сондай-ақ жалпыадамзаттық мораль, этика және мінез-құлық мәдениеті қағидаттарына құрметпен қарауды қалыптастыру жөніндегі жұмысты жүргізеді. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі біліктілік талаптары:

білімі:

 кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: педагогикалық ғылымдар (жалпы даму пәні бойынша, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер мен әдебиет бойынша педагогтерді даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе қызметтер (туризм, мәдени-демалыс жұмысы);

жұмыс өтілі:

2) қалалық, аудандық маңызы бар мәдени-демалыс ұйымдары және филиалдары үшін:

         мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл, не болмаса Президенттік жастар кадрлық резервіне қабылданған тұлғалар үшін кемінде 5 жыл, не болмаса Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе жұмысшы орган бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған тұлғалар үшін, сондай-ақ педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандануы бар педагогтарды даярлау, гуманитарлық пәндер, тіл және әдебиет бойынша), және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар, және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат, және/немесе бизнес, басқару және құқық, және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-демалыс жұмысы) кадрларын даярлау бағыттарының бірі бойынша ғылыми дәрежесі бар тұлғалар үшін мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл.

Білуі керек:

         Конституцияны;

         Бюджет кодексін;

         Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті;

         Еңбек кодексін;

         Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті;

         Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарын; ішкі еңбек тәртібінің, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарының тәртібін.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды:

      1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

      4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;

       6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынады.

      Азаматтық қызметке тұру кезінде, ол адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.

      Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

      Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткізілетіні туралы хабарландыру «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің «Достық үйі» КММ-нің және «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің интернет-ресурсында соңғы рет жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжай бойынша ұсынылуы тиіс:

141200, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62 үй («Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің конкурс комиссиясы).

Анықтама телефондары: 741020, электронды пошта: kultura2014@bk.ru , kultura.ae@pavlodar.gov.kz

Сұхбаттасуға жіберілген кандидаттар оны «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің конкурс комиссиясында өтеді.

Ереже

22 сентября 2025
Баспасөз-релизі

Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 789/7

«Екібастұз қаласының аумағындағы мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулысына

Баспасөз-релизі

2022 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы «Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін бекіту туралы» № 178 бұйрығына өзгерістер енгізілді, атап айтқанда, «мүгедектер» сөзі «мүгедектігі бар адамдар» сөзіне ауыстырылды.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, НҚА жобасымен Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 789/7 «Екібастұз қаласының аумағындағы мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы» қаулысына тиісті өзгерістер енгізу көзделіп отыр.

Жобаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар талап етілмейді.

Осы қаулы жобасын қабылдау  Екібастұз қаласының халқы үшін теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Қаулы жобасы «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылған.

19 сентября 2025
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 789/7 «Екібастұз қаласының аумағындағы мүгедектерді қоспағанда

03 сентября 2025
Еліміздің ең басты құжаты
Еліміздің ең басты құжаты – Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдық мерейтойына орай, «Атамұра» мәдениет орталығының және  ауылдық клуб өнерпаздары Теміржол ауылдық округіне қарасты Қарасор, Құлакөл ауылдарына барып, «Ата Заң – алтын тұғырым»  атты  мерекелік көшпелі концерт ұйымдастырды. ҚР мемлекеттік Әнұранымен басталған шара, әрі қарай патриоттық әндермен жалғасын тапты. Бұл мерейлі мерекеде әрбір азаматтың жүрегіне мақтаныш сезімін ұялап, әрқашан заң үстемдігі сақталып, әділетті қоғам орнайды деп сенеміз.!
Егемен еліміздің еңсесі биік, бірлігіміз бекем болсын!
21 августа 2025
Қазақтың аса көрнекті ақыны, әнші, композитор әрі қоғам қайраткері Иса Байзақовтың 125 жылдық мерейтойы аталып өтті.
Қазақтың аса көрнекті ақыны, әнші, композитор әрі қоғам қайраткері Иса Байзақовтың 125 жылдық мерейтойы аталып өтті.
 
Ақынның құрметіне арналған дүбірлі тойға 100-ден астам киіз үйлерден тұрғызылған этноауыл өзінің туған жері – Ертіс ауданында орналасты.
 
Мерейтой барысында мерекелік концерт, айтыс, ұлттық спорт түрлері - көкпар, бәйге, қазақша күрес, қолөнершілер жәрмеңкесі және т.б. ұймдастырылды.
 
Иса Байзақов — тек әдебиетіміздің ғана емес, тұтас ұлт рухының символы. Оның 125 жылдығын лайықты атап өту тарихи тұлғаларға деген құрметті оята түседі. Өз кезегінде бұл мерейтой бабалар аманатына деген адалдықтың, мәдениет пен өнерге деген шынайы жанашырлықтың белгісін көрсетпек.
 
Осылайша, Иса Байзақовтың 125 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде аталып өтілді.
21 августа 2025
Ғасырлар бойы қалың елін қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақырған қазақ
Ғасырлар бойы қалың елін қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақырған қазақ халқының ұлы ақыны, әдеби тілінің негізін салушы, аудармашы, сазгер, дана, дара тұлға «Абай – мәңгілік мұра » атты ақынның 180 жылдығына арналған диалог алаңыныңда  Абайдың өлеңдері оқылып, оның қара сөздерінен тағылымды үзінділер тыңдалды. 
Әсіресе, қатысушылар мен көрермендердің көңілінен шыққан ерекше сәт – ақынның әндерін караоке арқылы орындау болды. 
Қатысушылар «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, Қаламқас» сынды Абай әндерін өздері орындап, көрерменмен бірге шырқады. Бұл формат кешке шынайы жылылық пен ерекше рухани әсер сыйлады.
 
21 августа 2025
Бүгін №6 көптілдікті дамыту орталығының «Сәбилер» балабақшасында Абай
Бүгін №6 көптілдікті дамыту орталығының «Сәбилер» балабақшасында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Ұлы халықтың — Ұлы Абайы» атты «Даналық мектептері» отырысы өтті.
 
Шараға «Атамұра» мәдениет орталығының «Кәусар» әжелер тобы (жетекшісі — Қазынагүл Алпысбаева) және «Шабыт» мәнерлеп оқу үйірмесінің оқушысы Ерке Сетерхан қатысып, өз үлестерін қосты.
21 августа 2025
03.08.2025 Әулиелі Ақкөл ауылының 90 жылдығына арналған дүбірлі тойда Екібастұз
 
03.08.2025 Әулиелі Ақкөл ауылының 90 жылдығына арналған дүбірлі тойда Екібастұз қ. ОКЖ қызметкерлері «Ежелгі қоныс – құт мекен» кеңейтілген кітап көрмесін көпшілік назарына паш етті. Көрме Ақкөл-Жайылма өңірінің тарихынан сыр шертетін құнды еңбектерге, зерттеу мақалаларына, өлкетану бағытындағы басылымдарға, жергілікті қаламгерлердің шығармаларына толы болды. Сондай-ақ, фотоматериалдар да көрмеден қаз-қатар орын алып, көрменің әсерін арттырды. Аталмыш көрмені жергілікті тұрғындар ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірінен келген меймандар да тамашалады. Кітапхана қызметкерлері жұртшылықты тарихи деректермен, мұрағаттық материалдармен, киелі Ақкөл-Жайылманың бай шежіресімен, әулиелер мекен еткен құтты қоныс жайлы мәліметтермен сусындатып, рухани азық сыйлады
21 августа 2025
Бүгін, 20 тамыз күні «Самғау» балалар шығармашылық орталығында
Бүгін, 20 тамыз күні «Самғау» балалар шығармашылық орталығында Дене шынықтыру және спорт саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара өтті .
 
Іс-шараға қала әкімі Аян Уахитұлы Бейсекин қатысып, спорт ардагерлерін, жаттықтырушыларды және спортшыларды құттықтап, үздік спортшылар мен жаттықтырушыларға Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табыстады. Сондай-ақ, балалар-жасөспірімдер спорт мектептері арнайы номинациялармен марапатталды.
 
Мереке барысында халықаралық және республикалық деңгейде жеңістерге жеткен спортшылардың есімдері аталып, олардың жетістіктері ерекше атап өтілді. Салтанатты кеш әнмен өрнектеліп, әнші Алмас Мұқатай патриоттық әндер орындады.
 
Бұл мереке – спортқа деген құрметті арттырып қана қоймай, жас ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеудің жарқын үлгісі болды.
Спорт жасасын!
 
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы