Мөлшері 42500 теңге бір жолғы әлеуметтік төлем мәселе бойынша

Қатаң карантиндік шаралардың қолданылу кезеңіндегі қызметінің шектеулеріне байланысты 42500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемді еңбекақысы сақталмайтын демалыста жүрген жалдамалы қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын тұлғалар және бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар ала алады.

Өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады. Шағым жасау бойынша арызды жұмыспен қамту мәселелері бойынша облыстың қалалары мен аудандарының әлеуметтік төлем бойынша штабтар үстіміздегі жылғы 1 желтоқсанға дейін қабылдайды.

42500 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау туралы өтініштерді тағайындау және қабылдау бойынша қажетті кеңестерді облыстың қалалары мен аудандарының жұмыспен қамту бөлімдерінің байланыс орталықтарынан алуға болады.

Жарияланған күні

24 шілде 2020

Жаңарту күні

24 шілде 2020