Персоналды дамыту және басқару департаменті Бағалау, тәртіптік іс жүргізу және ведомстволық бағынысты ұйымдармен жұмыс басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Білім (білім саласы)
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Құқық (білім саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)

Функционалды міндеттер

кадрлық мәселелер бойынша комиссиялар мен жұмыс топтарының құрамына қатысуға;  басқармаға түскен өтініштер мен кіріс хаттарды орындау; «Б» корпусы қызметшілеріне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізуге, тәртіптік комиссия жұмысын ұйымдастыру, отырыс хаттамасын жүргізуге; Министрлік басшылығына, тәртіптік комиссия отырысына тәртіптік жазаға тарту, тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау туралы бұйрық жобаларын енгізу; Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдар мен мекемелер басшыларының, басшы орынбасарларының жеке істерін есепке алуға, еңбек қатынасы бойынша мониторинг жүргізу; Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдар мен мекемелер басшылары бос лауазымдарына конкурстар ұйымдастыруға; Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдар мен мекемелер басшылары, басшы орынбасарлары лауазымдарына үміткерлерді тиісті талаптарға сәйкестігін, соның ішінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің ақпараттық жүйесі арқылы тексеру;  Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдар мен мекемелер басшылары, басшы орынбасарлары лауазымдарына үміткерлермен еңбек қатынасын рәсімдеу, тағайындау, лауазымнан босату,  демалыстар беру,  тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы бұйрықтар жобаларын қол қоюға енгізу;  Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдар мен мекемелер басшылары мен орынбасарларына қатысты түскен шағымдар мен өтініштерді қарауға, жауапкершілігін қарау; Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдар мен мекемелердің кадр қызметтерінің жұмысын талдауға және зерделеуге, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің ақпараттық жүйесі арқылы тексеру; Гендерлік саясат бойынша жұмыс жүргізу, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне ақпарат беру; Қазақстан Республикасы Президенті істері басқармасының Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасына кезекке қою, орын бөлуді жүргізуге; тұрғын үй комиссиясының, соның ішінде ротациямен жіберілген мемлекеттік қызметшілерге қызметтік пәтерлер бөлу бойынша жұмысын ұйымдастыруға және жүргізу; Департаменттің басқа қызметшілерімен бірге статистикалық есептер дайындау, Департаменттің жауапты қызметшісіне жинақтау үшін жіберу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 28.11.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.11.2022 – 01.12.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МВ

Сұхбаттасу күні

05.12.2022

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Министрліктер Үйі, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-19-25