Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары (16-01-2), С-1 санаты, 1 бірлік
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Астана қаласы
824 323
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Ескертпе: Мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға бағытталған функциялар жүктелген бөлімшелер мен ведомстволардың С-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей қосымша үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
- міндетті түрде «Б» корпусының А, В, C-O, C-R, D, D-O, D-R, E, E-R және E-G санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, саяси мемлекеттік лауазымдарда, немесе құқыққорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде, немесе мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік емес мекемелерде, оның ішінде олардың филиалдарында, өкілдіктерінде немесе өзге жекелеген құрылымдық бөлімшелерінде, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
Сондай-ақ жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бес жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында үш жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде жылдық орташа штат саны елу адамнан кем емес мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- баспасөз хатшысы лауазымына осы лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуына рұқсат етіледі;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Білім (білім саласы)
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Құқық (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
Функционалды міндеттер
жетекшілік ететін басқармалардың құзыретіне кіретін орта білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты мынадай бағыттар бойынша үйлестіруді және іске асыруды қамтамасыз етуді: білім беру сапасы мен бағасы, оқу-әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз ету; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеу және бекіту; үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын әзірлеу және бекіту;оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді және оқу-әдістемелік құралдарды дайындау, сараптау, байқаудан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту; оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің тізбесін, оның ішінде білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген электрондық жеткізгіштерде қалыптастыру және бекіту; республикалық орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ халықаралық келісімдерге сәйкес шетелде тұратын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету; білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу; 9,11 сынып түлектерін жұмысқа орналастыру; үш тілде оқыту; өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептердің қызметі, көшіп келуші оралмандардың балаларын оқыту; оқу жылының басталуы және аяқталуы; оқушылар арасындағы экстернат және кәсіптік бағдар беру жұмысы; республикалық білім беру ұйымдарының оқушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу үшін емтихан материалдарын дайындау; мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарды растау; Мемлекеттік қызмет; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл; әдістемелік кабинеттер мен орталықтар; дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру; инклюзивті білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды үйлестіру және қамтамасыз ету; арнайы және мамандандырылған Білім беру ұйымдарының жұмысын үйлестіру. Жетекшілік ететін басқармалардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Ұлттық баяндама шеңберінде жұмыс жүргізу; жетекшілік ететін басқармалардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; жетекшілік ететін басқармалардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Мемлекет басшысының жолдауларын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары бойынша жұмысты ұйымдастыру; Министрліктің стратегиялық жоспары және жетекшілік ететін басқармалардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Операциялық жоспар бойынша жұмысты ұйымдастыру; Комитет қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртібінің сақталуын бақылау; Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша «Аманат» Жол картасын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; жетекшілік ететін басқармалардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша «Рухани жаңғыру» Жол картасын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша «Білімді ұлт» ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; жетекшілік ететін басқармалардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша білім беруді дамыту тұжырымдамасы шеңберінде іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Дүниежүзілік банктің қарызы шеңберінде «Орта білім беруді жаңғырту» жобасы бойынша жұмысты ұйымдастыру; ЖБИ көрсеткіштері; «Орта білім беруді жаңғырту» жобасын үйлестіру және іске асыруды қамтамасыз ету; жетекшілік ететін басқармалардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің Жылдық жоспарын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; Бақылау құжаттарының, жеке және заңды тұлғалардың шағымдарының, өтініштерінің, өтініштерінің және жетекшілік ететін басқармалардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрдің блогына келіп түсетін өтініштердің орындалуы бойынша мониторинг жүргізу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
g.sarsenbekova@edu.gov.kz
- 05.12.2022
- Астана қаласы, Министрліктер Үйі, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-19-25