Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Қаржы департаменті Бухгалтерлік есеп басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Министрліктің  теңгеріміндегі негізгі құралдардың есебін,  қозғалыстарды және есептен шығаруды; негізгі құралдар  мен тауар-материалдық қорлар бойынша  сенімхат даярлауға және беруге; материалдық құндылықтарға, ақшалай қаражаттар мен негізгі құралдарға түгендеу жүргізуге; мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жөнінде ақпаратты мемлекеттік мүлік тізіліміне ұсынуға; негізгі қорлар жағдайы туралы статискалық есептілікті құрауға; жетекшілік ететін бағыттары бойынша мемориалдық ордерлерді ресімдеуге; қазынашылық департаментінің құжаттарымен ақшалай қаражаттардың қозғалысын (1-с база және Қазынашылық-клиент) қадағалауға; Министрліктің орталық аппараты бойынша жартыжылдық және жылдық бюджеттік және қаржылық есептілікті құрауға;  Министрлікке есеп беретін тұлғалармен жұмыс істеуге,  іс-сапар шығыстары бойынша есеп жүргізуді және аванстық есеп құрауды қамтамасыз етуге; Дебиторлық және кредиторлық берешек бойынша белгіленген уақытта және белгіленген мекен-жайға жиынтық есептілікті  құрауға және тапсыруға қатысуға; Дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысуға түгендеу жүргізуге қатысуға; белгіленген мекен-жайларға және мерзімдерде шоғырландырылған бюджеттік және қаржылық есептілікті (жарты жылдық, жылдық) құрауға және тапсыруға қатысуға; ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер және кәсіпорындармен жұмыс жасауға; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен және ҚР ҚМ Қазынашылық комитетімен өзара әрекет жасауға

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 16.11.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.11.2022 – 21.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

24.11.2022

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Министрліктер Үйі, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

74-19-25