Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті Қарағанды облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Қарағанды облысы
611 721
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында үш жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Білім (білім саласы)
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Құқық (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
Функционалды міндеттер
Департамент басшысы Департаментке бекітілген келесі функциялардың орындалуына дербес жауапты болады: ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізуге: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары; мамандандырылған Білім берудің мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары; арнайы білім берудің арнайы оқу бағдарламалары; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламалары; Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін және ескірген нормаларды анықтау үшін Департамент іске асыратын мемлекеттік бақылау саласындағы заңға тәуелді актілерге қатысты тұрақты негізде мониторинг жүргізуге; мемлекеттік бақылау шараларын жүргізу кезеңінде білім беру қызметі субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына, тексерілетін субъектінің белгіленген жұмыс режимінің бұзылуына жол бермеуге; Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуының алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі өкілеттіктерді уақтылы және толық орындауға; білім беру ұйымының өзін-өзі бағалау материалдарына талдау жүргізу (білім беру сапасын ішкі бағалау); Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 13-тарауында көзделген тиісті актілердің жобаларын дайындай отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіп негізінде және қатаң сәйкестікте Қазақстан Республикасының меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің орындалуына мемлекеттік бақылау шараларын жүргізуге; бақылау және тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көзделген іс жүргізу актілерін, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған баптар бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс материалдарын қалыптастыру және оларды сот ісіне беруді қамтамасыз ету органдар белгіленген мерзімде сот процестеріне қатысуға; білім беру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының жобаларын және тексеру парақтарын әзірлеу жөніндегі жұмысқа қатысуға; тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері және оны белгіленген мерзімде комитетке жіберу негізінде бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, Профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімін жасауға; Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпарат пен мәліметтер жинауды жүзеге асыру, білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша талдамалық анықтамалар және мемлекеттік бақылау жүргізу әдістері мен тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындауға; Департамент құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыруға; білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғаларға консультациялық көмек көрсетуге; Департамент жүргізген бақылау іс-шараларының (профилактикалық бақылау, жоспардан тыс тексеру) қорытындылары бойынша электрондық деректер базасын (Мұрағат) тұрақты және үздіксіз негізде жүргізуге; ақпараттық жүйелерде, оның ішінде «WEB-АП», «БЖТ», ҰБДБ-да жұмыс жүргізуге; Департаменттің сайтында білім беру ұйымдарында мемлекеттік бақылау шараларының нәтижелері туралы ақпаратты орналастыруға; белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы орындау үшін міндетті жазбаша нұсқамалар беруге; Оқу жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастыру және жүргізуге; білім беру сапасын сырттай бағалау әдісімен білім беру мониторингін жүргізуге; орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау, Қамқоршылық кеңес мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша әзірлеуге қатысуға; орта білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің отырыстарына байқаушы ретінде қатысуға; орта білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңес құру бойынша мониторингті жүзеге асыруға; білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге қатысуға; Комитеттің жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау функцияларын жүзеге асыруға; апатты және үш ауысымды мектептердің мониторингі; Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қызметті хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының қызметін тоқтата тұруға; заңды тұлғаларға білім беру қызметімен айналысуға лицензиялар және (немесе) лицензияға қосымшалар беруге:бастауыш білім беру; негізгі орта білім беру; жалпы орта білім беру; техникалық және кәсіптік білім беру біліктілігі бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтар топтары бойынша; орта білімнен кейінгі білім беру біліктілігі бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтар топтары бойынша; Қазақстан Республикасында берілген білім туралы ресми құжаттарға (түпнұсқаларға) апостильдеу рәсімін жүзеге асыруға, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы; Білім туралы апостиль қойылған құжат (түпнұсқалар) бойынша тұрақты негізде дерекқорды қалыптастыру және жүргізуге; Білім туралы құжаттарға (түпнұсқаларға) апостиль қою мәселелері бойынша жиынтық статистикалық есептілікті жүргізуге; лицензия және (немесе) оған қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігіне рұқсат беру бақылауын жүргізуге; мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізуге; мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыруға. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейтуге және құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтауына бағытталған жұмысты ұйымдастырады; Департамент бюджетін қалыптастыруға, бюджеттік өтінімдерді жасауға, сондай-ақ бюджет қаражатын уақтылы және толық игеруге бақылау жасайды және жауапты болады; Департамент құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнаманың сақталуына дербес жауапты болады; Департамент қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 24.11.2022
- Астана қаласы, Министрліктер Үйі, 11 кіреберіс
-
74-19-25