Үйлестіру және өңірлік талдау басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Астана қаласы
317 807
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Білім (білім саласы)
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Құқық (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
Функционалды міндеттер
заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға; Білім беру ұйымдары мен білім басқармаларында педагог мәртебесі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуына қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша аумақтық Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің қызметін үйлестіру; аумақтық Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттерімен бірлесіп білім беру саласының проблемалық мәселелеріне мониторинг жүргізу; апатты және үш ауысымды мектептерге мониторинг жүргізу және оларды анықтау; аумақтық Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің қызметіне мониторинг жүргізу және талдау; Комитет пен Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша Басқарманың құзыреті шеңберінде мониторингтің өзге де түрлерін жүзеге асыру; оқу процесін ұйымдастыру бойынша мектептер қызметіне мониторинг жүргізу шеңберінде аумақтық Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттерін жұмысын үйлестіру; Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру және ішкі бақылау, сондай-ақ Басқарма қызметінің бағыттары бойынша оларға әдістемелік көмек көрсету.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 24.11.2022
- Астана қаласы, Министрліктер Үйі, 11 кіреберіс
-
74-19-25