Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау және автоматтандыру басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Астана қаласы
317 807
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Білім (білім саласы)
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Құқық (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
Функционалды міндеттер
білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер тізілімін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар дайындау; Басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру, реинжиниринг және автоматтандыру бойынша талдау жүргізу және ұсыныстар әзірлеу; Басқарманың құзыреті шегінде оңтайландыру, реинжиниринг және автоматтандыру бөлігінде Министрлік көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін орындау жөніндегі жұмысты үйлестіру және іске асыру; білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту рәсімдеріне мониторинг жүргізу; білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге қатысу және әзірлеу; мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі министрліктің жұмысын үйлестіру, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау жөніндегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне тоқсан сайынғы есепті ұсыну; орталық мемлекеттік органның, оның ведомстволарының, аумақтық органдары мен бөлімшелерінің, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мониторинг жүргізу және ішкі бақылауды жүзеге асыру; мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, түрлендіру бойынша бюджеттік өтінімді қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізу; мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, түрлендіру бойынша мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды өткізу процесіне қатысу, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, түрлендіру бойынша техникалық талаптарды әзірлеу; мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша ақпараттық-талдамалық материалдар дайындау; өз құзыреттері шегінде талдамалық анықтамалар, жазбалар, ақпараттық материалдар дайындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 24.11.2022
- Астана қаласы, Министрліктер Үйі, 11 кіреберіс
-
74-19-25