Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті Цифрлық даму басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

357 266

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Білім (білім саласы)
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Құқық (білім саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)

Функционалды міндеттер

білім беруді ақпараттандыру стратегиясын іске асыру бойынша НҚА әзірлеу және келісу; білім мен ғылымды ақпараттандыру стратегиясын іске асырудың бірыңғай техникалық саясаты мен талаптарын қалыптастыру; техникалық ерекшеліктер мен талаптарды әзірлеу және келісу;     білім беру жүйесін цифрландыру мәселелері бойынша жабдықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу бойынша негіздемелерді, баға ұсыныстарын, бюджеттік өтінімдерді және жұмыстарды актілендіруді қалыптастыру; Департаменттің, Басқарманың жұмыс жоспарларында айқындалған тапсырмалардың, сондай-ақ басқарма мен Департамент басшылығының тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету; цифрландыруға қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, сондай-ақ «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс», «Білімді ұлт» ұлттық жобаларының іс-шараларын іске асыру;             Министрліктің стратегиялық құжаттарында көзделген ай сайынғы және тоқсан сайынғы жұмыстарды, оның ішінде Департаменттің құзыреті шегінде жалпыұлттық жоспарды қабылдау үшін негіз болатын есептер мен өзге де құжаттарды дайындауды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 08.11.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.11.2022 – 11.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

16.11.2022

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Министрліктер Үйі, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

74-19-25