Бюджеттік жоспарлау департаменті Еңбекке ақы төлеу әдіснамасы басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

317 807

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)

Функционалды міндеттер

мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог емес қызметкерлерінің еңбекақы мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілерін қарастырады және келіседі; білім беру саласының азаматтық қызметшілерінің еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс топтарына қатысады (ұсыныстарды енгізу, білім беру саласында еңбек ақы бойынша әлемдік тәжрибені зерттеу); мемлекеттік білім беру ұйымдарында еңбек ақы төлеу мәселелері бойынша талдамалық және таныстыру материалдарын, баяндамаларды, анықтамалық ақпаратты, слайдтар мен анықтамаларды дайындауды қамтамасыз етеді; жоғары тұрған мемлекеттік органдардың (ҚР ПӘ, ҚР ПМК)  бақылауындағы тапсырмаларына және ҚР Парламентінің депутаттық сұрауларына мемлекеттік білім беру ұйымдарында еңбекақы төлеу мәселелері бойынша ақпаратты уақтылы және сапалы ұсынуды қамтамасыз етеді; бұқаралық ақпарат құралдар ұйымдарының, орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың қаржы қызметтерінің, бақылау мен қадағалау органдарының (Бас Прокуратура, Қаржылық бақылау, Еңбек инспекциясы, Мемлекеттік аудит, Тексеру комиссиясы және басқа), сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың сұраныстарына, министрдің блогына, білім беру ұйымдарының кәсіподақтарының сұраныстарына сәйкес кіріс хат-хабарлары мен өтініштерін уақтылы және сапалы қарауды қамтамасыз етеді, еңбекақы төлеу, үстемақы, қосымша ақы және басқа да өтемақы мен ынталандыру сипатындағы төлемдерінің төленуі мәселесі бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарына қатысады; Министрлікпен, Департаментпен мемлекеттік білім беру ұйымдарында еңбекақы төлеу мәселелері бойынша өткізілетін алқаларды, семинарларды, кеңестерді және басқа да іс-шараларды өткізу бойынша материалдарды дайындауға қатысады; құзыретіне кіретін мәселелер бойынша үкіметтік және стратегиялық бағдарламаның бағыттарын, мақсаттарын, нысаналы индикаторларын, іс-шараларын орындауды қамтамасыз етеді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 08.11.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.11.2022 – 11.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

16.11.2022

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Министрліктер Үйі, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

74-19-25