Заң департаменті Парасаттылық басқармасының басшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

422 437

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Соттарда және басқа органдар мен ұйымдарда Министрліктің мүліктік және өзге де заңды құқықтары мен мүдделерін құқықтық құралдармен қорғауға, сенімхат бойынша Министрліктің мүдделерін әртүрлі сатылардағы соттарда талапкер, жауапкер немесе үшінші тұлғалар ретінде ұсынуға; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген мерзімдер мен жауап тіліне қойылатын талаптарды сақтай отырып қарау; Сот ісін жүргізу, мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі жұмыс топтарының жұмысына қатысу; Сот ісін жүргізу, мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсету; Мемлекеттік сатып алуды өткізу жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу; Министрліктің қатысуымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу; Министрліктің талап қою жұмысы, мемлекеттік сатып алуды Құқықтық қамтамасыз ету мәселелері бойынша құқық қолдану практикасына талдау жүргізу; Кадр мәселелері және Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 08.11.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.11.2022 – 11.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

16.11.2022

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Министрліктер Үйі, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

74-19-25