ҚР БҒМ Ғылым комитеті Ғылыми талдау және халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Астана қаласы
272457
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Білім (білім саласы)
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Құқық (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
Қосымша талаптар
Intermediate (B1) және одан жоғары деңгейде ағылшын тілін меңгергендігін растайтын сертификаттың немесе шетелдік университет дипломының болуы. Ғылыми дәрежесінің, философия докторы (PhD) дәрежесінің болуы немесе бейіні бойынша доктор.
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен және бірлестіктермен халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастығын дамытуды қамтамасыз етеді: ШЫҰ, ЕАЭО, ТМД. Ресей, Украина, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан елдері; Халықаралық деректер базасына жазылуды ұйымдастыру, қазақстандық ғалымдарды шетелден тарту, Жалпыұлттық жоспар (ЖҰЖ); БҒДМБ, БГИ ДЭФ мәселелерін жүргізу. Ғылым мен техника саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың даму жағдайына талдау және бағалау жүргізеді және халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламалар мен келісімдердің іске асырылуына бақылауды жүзеге асырады; ғылым мен техника мәселелері бойынша шетелдік қатысушылардың қатысуымен іс-шаралар (келіссөздер, форумдар, кездесулер, көрмелер және т. б.) ұйымдастырады; іс-шараларды өткізу хаттамасына сәйкес шетелдік қатысумен кездесулер өткізуді қамтамасыз етеді; қазақстандық ғалымдардың шетелдегі іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады; ғылым мен техника саласындағы халықаралық шарттар мен келісімдерді шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен келіседі; халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы тоқсан сайынғы және жылдық есепті, сондай-ақ жоғарыда аталған елдер мен халықаралық ұйымдар бөлінісінде талдамалық материалдарды дайындайды; хаттардың, халықаралық келісімдердің ағылшын тілінен орыс және қазақ тілдеріне аудармасын қамтамасыз етеді; халықаралық келісімдерге қол қою, ратификациялау, олардың күшін жою туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және мемлекеттік органдармен келіседі; халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы мемлекеттік органдармен және ұйымдармен хат алмасуды жүргізеді; шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеттердің, кіші комиссиялардың, жұмыс топтарының және т. б. жұмысын ұйымдастырады; Ғылым комитеті мен Министрлік басшылығының шетелге іссапарын ұйымдастырады; ҚР Ғылым комитеті мен БҒМ басшылығына визалық қолдауды қамтамасыз етеді; шетелде басшылықтың болу бағдарламасын әзірлейді; шетелдік делегацияны қарсы алуды және шығарып салуды ұйымдастырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-20-71