ҚР БҒМ Цифрлық даму және мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру департаменті Цифрлық даму басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Астана қаласы
272457
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Білім (білім саласы)
- Құқық (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
Функционалды міндеттер
Білімді ақпараттандыру стратегиясын жүзеге асыру НҚА әзірлейді және келіседі; білім және ғылымды ақпараттандыру стратегиясын жүзеге асырудың бірыңғай техникалық саясатын және талаптарын қалыптастыру; техникалық сипаттамаларды және талаптарды әзірлеу және келісу; білім жүйесін ақпараттандыру мәселелері бойынша негіздемелерді, баға ұсынымдарын, бюджеттік өтінімді дайындау және құрал-жабдықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу бойынша жұмыстарға акт жасау. Басқарманың, Департаменттің жұмыс жоспарында көзделген тапсырмаларды сапалы және уақытылы орындау, сонымен қатар Басқарма, Департамент басшылығының тапсырмаларын орындау; цифрландыру мәселелері бойынша мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, сондай-ақ «Цифрландыру, ғылым және инновация арқылы технологиялық серпіліс», «Білімді ұлт» ұлттық іс-шараларын жүзеге асыру; Басқарма мәселелері бойынша ақпараттық, талдамалық материалдар дайындау, жоғары тұрған органдарға ақпарат беру; Министрліктің стратегиялық құжаттарында, оның ішінде Департамент құзыреті шегінде жалпыұлттық жоспарда көзделген айлық және тоқсандық жұмыстарды қабылдау үшін негіз болатын есептер мен басқа да құжаттарды дайындау; Департаменттің және Министрліктің бөлімшелерімен, аумақтық білім және ғылым органдарымен және өзге де мемлекеттік басқару органдарымен, білім беру ұйымдарымен белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-20-71