ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Астана қаласы
154141 - 208294
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Білім (білім саласы)
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Құқық (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
Функционалды міндеттер
Басқармаға жалпы басшылық жасау; бағдарламалық және стратегиялық құжаттардың орындалуы бойынша ақпарат әзірлеу және іске асыру бойынша жұмысты үйлестіру; білім беру ұйымдарындағы балаларға арналған қосымша білімге және тәрбие жұмысына талдау жасау; «Өмір қауіпсіздік негіздері», «Жол қауіпсіздігі ережелері» пәндері бойынша жалпы білім беру оқу бағдарламаларын әзірлеу; қосымша білім беру ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету бойынша, соның ішінде робототехника, спорттық және мектепішілік үйірмелер бойынша жұмысты ұйымдастыру; сәйкесінше нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту; оқыту-сауықтыру, экологиялық бағыт бойынша жұмыс, төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша ТЖМ-мен өзара іс-қимыл жүргізу; білім беру ұйымдарындағы діни экстремизмнің алдын алу; білім беру нысандарының антитеррористік мәселелері бойынша, дене және патриоттық тәрбие бойынша, білім беру ұйымдарында медициналық қызметтердің қызметі бойынша жұмысты ұйымдастыру, республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен іс-шаралар жоспарының іске асырылуын қамтамасыз ету; облыстардың мәселелеріне жетекшілік ету; жетекшілік жасайтын мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың шағымдары, арыздары мен өтініштерін, Министрдің блогына түсетін өтініштерді қарау; қосымша білім берудің бағынысты ұйымдарының қызметін үйлестіру; орта білім беру ұйымдарының номенклатурасын балалардың музыка мектептерін, балалардың сурет мектептерін және балалардың өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту; Қосымша білім берудің даму жағдайы жөнінде жыл сайынғы баяндаманы әзірлеуге қатысу; жетекшілік ететін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының, ҚР БҒМ Стратегиялық жоспарының, БҒМ Іс-шаралар жоспарының және БҒМ Операциялық жоспарының іске асырылуын қамтамасыз ету; Қазақстан халқының Ассамблеясының тапсырмаларын мониторингілеу және талдау. Қазақстан Республикасында балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамыту мәселелерін үйлестіру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-19-25, 8-707-649-69-68