ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Мониторинг, талдау және өңірлік ынтымақтастық басқармасының басшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

154141 - 208294

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Білім (білім саласы)
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Құқық (білім саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Басқармаға жалпы басшылық ету; Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы мен тапсырмаларын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалуына мониторинг жүргізу; Қазақстан Республикасының Білім және ғылым саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын, Министрліктің операциялық жоспары мен жұмыс жоспарын орындау бойынша жұмысты жоспарлау, мониторингілеу және үйлестіру; ҚР Білім және ғылым министрі мен өңірлер әкімдері арасындағы меморандум тармақтарын және аумақтарды дамыту бағдарламасын орындауды мониторингілеу; Мектепке дейінгі және орта білім берудің статистикасы мен әкімшілік есептілігін қалыптастыру әдістемесін жетілдіру; ҰБМБ ұлттық білім беру деректер базасының статистикалық деректерін талдау және мониторингілеу, Мектепке дейінгі және орта білім беру мәселелері бойынша Министрлік алқасын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарын, тамыз педагогикалық кеңестерін өткізу бойынша материалдар дайындау; өңірлердің білім беру жүйесінің негізгі көрсеткіштерін талдау; облыстардың мәселелеріне жетекшілік ету; жетекшілік ететін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздарын қарау; Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, Комитет қызметкерлері қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу бойынша нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу, Министрдің, Жауапты хатшының және Комитет басшылығының тапсырмаларын, сондай-ақ Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бақылау құжаттарының орындалуына мониторинг жүргізу;өңірлермен апта сайынғы селекторлық кеңестер өткізу және материалдар дайындау; оқу жылының басында және жылу беру маусымына білім беру ұйымдарын дайындау; Комитеттің мәселелері бойынша ашық деректердің интернет порталдарына орналастырылатын ашық деректер тізбесін толтырылуына мониторинг жүргізу; Министрдің аппараттық кеңестеріне және орындаушылық тәртіп бойынша кеңестерге материалдар дайындау, министрдің блогына келіп түсетін өтініштерді тіркеу және мониторингілеу, жергілікті атқарушы органдардың білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға мониторинг жүргізу; салааралық үйлестіруді жүргізу, мектепке дейінгі және орта білім беру мәселелері бойынша басқа мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілеріне ұсыныстар енгізу; "Бөбек" ҰҒПББО қызметін үйлестіру жұмыстарын ұйымдастыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 08.10.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.10.2021 – 11.10.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-19-25, 8-707-649-69-68