ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Ғылыми кадрларды аттестаттау басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне 2024 жылғы 30 маусым аралығында)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Білім (білім саласы)
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Халықаралық қатынастар
  • Филология
  • Аударма ісі
  • Шетел филиологиясы
  • Құқық (білім саласы)
  • Құқықтану
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Психология
  • Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
  • Жаратылыстану ғылымдары (биология)
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика
  • Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
  • Жаратылыстану ғылымдары: физика
  • Жаратылыстану ғылымдары: химия
  • Жаратылыстану ғылымдары: биология
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)

Функционалды міндеттер

Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелер мен ғылыми атақтар беру туралы аттестаттау істерінің нормативтік талаптарға сәйкестілігіне алдын-ала сараптама жүргізу; диссертациялық кеңестер қызметіне талдау жүргізу; ғылыми кадрларды даярлау мәселелері бойынша ақпараттық, талдамалық және басқа материалдарды дайындауға қатысу; алқалы органдардың мәжілістерін ұйымдастыру және жүргізу; аттестаттау істерін сараптау кеңестерінде қарау үшін дайындау; ғылыми дәреже мен ғылыми атақтарды бекіту, ғылыми жұмыстардың негізгі нәтижесін жариялау үшін Комитет ұсынған Басылымдардың тізімін журналға қосу жөніндегі Комитеттің бұйрық жобаларын дайындау; ғылыми кадрларды аттестаттау мәселелері бойынша  жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын  қарау; мемлекеттік үлгідегі құжаттарды - бейіні бойынша докторы және философия докторы (PhD) дипломдарын, профессор және қауымдастырылған профессор (доцент) аттестаттарын рәсімдеу және жазып беру; мемлекеттік үлгідегі құжаттарды дайындауды ұйымдастыру (тапсырыс беру, сақтау, тізімдеу); бланктер бойынша есеп беру (беру, жою жөніндегі және т.б. актілер); бекітілген аттестаттау істері бойынша статистикалық талдау жүргізу; философия докторы (PhD), бейіні бойынша докторлық диссертацияларды қорғау туралы хабарламаларды қарастыру; мемлекеттік үлгідегі  құжаттарды  рәсімдеу және қайта рәсімдеу, құжаттар дубликаттарын беру жөніндегі ұйымдардың және жеке азаматтардың өтініштерін қарастыру; басқармада іс жүргізумен айналысу; ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар бойынша электрондық мәліметтер базасын жүргізу; аттестаттау істерінің мұрағатқа өткізілуі бойынша жұмысты ұйымдастыру; құзыреті шегінде өзге де жұмыстарды орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 24.09.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.09.2021 – 27.09.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-19-25, 8-707-649-69-68