ҚР БҒМ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің Халықаралық шарттар және заңнама басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне 2023 жылғы 30 маусым аралығында)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Білім (білім саласы)
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Халықаралық қатынастар
  • Құқық (білім саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Білім саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету, білім және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастық саласында нормативтік құқықтық құжаттарды іске асыру; Білім және ғылым саласындағы сыртқы байланыстарды дамыту жөніндегі ағымдағы және перспективалық жоспарларды әзірлеу; «Болашақ» стипендиясын, сондай-ақ халықаралық шарттарды іске асыру бойынша  Қазақстан Республикасының шетелдік әріптестермен және дипломатиялық өкілдіктерімен өзара іс-қимыл жасау. Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарауға бақылауды жүзеге асыру. ҚР Заңдарын, ҚР Президентінің Жарлықтарын, Үкімет құжаттарын, Министрліктің бұйрықтарын іске асыру. Өз құзыреті шеңберінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, сыртқы ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру. Шығыс Еуропа (Греция, Словения, Чехия, Латвия, Польша, Эстония, Румыния, Словакия, Болгария, Литва, Венгрия, Хорватия, Сербия, Дания, Македония), Батыс Еуропа (Аустрия,  Финляндия, Бельгия, Франция, Германия),  Тынық мұхиты өңірі елдері (Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия, Сингапур, Тайланд, Филиппин, Шри-Ланка) шетелдік әріптестермен келісім шарт туралы халықаралық келісімдер, шарттар, меморандумдар жобаларын дайындау;  Батыс Еуропа (Италия, Испания, Великобритания, Ирландия, Норвегия, Португалия, Швейцария, Швеция, Исландия, Нидерланды) елдерінің, сондай-ақ Америка елдерімен (АҚШ, Канада, Куба) шетелдік әріптестермен өзара байланыс орнату; Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Неміс Қоғамы (GIZ), QSI, Неміс академиялық байланыс қызметі, Азиаттық даму және қайта қалпына келтіру банкі, ЕҚЫҰ, Еуропалық одақ, Еуропалық Кеңес, Британ Кеңесі, ЮНЕСКО, БҰҰ, НАТО, БҰҰБД, ЕЭЫДҰ және Дүниежүзілік Банк, ТМД, ЕурАзЭС, ХГЫҚ, ЕЭҚ, ҰҚШҰ, КО, Байқоңыр, Еуразия көпірі сияқты шетелдік әріптестермен халықаралық келісімдер, шарттар, меморандумдар жобаларын әзірлеу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 23.09.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.09.2021 – 24.09.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-19-25, 8-707-649-69-68