Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаменті Бюджеттік бағдарламалар және мемлекеттік сатып алу мониторингі басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

154141 - 208294

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Басқарма жұмысына жалпы басшылық жасау; мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша нормативтік құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу. Бюджеттік бағдарламалар мен мемлекеттік сатып алу мониторингін жүзеге асыру, әзірленген техникалық ерекшеліктердің бюджеттік өтінімдерге сәйкестігіне мониторинг жүргізу, орындалған жұмыстар актісінің Мемлекеттік сатып алу жоспарына және техникалық ерекшеліктердің мазмұнына сәйкестігіне талдау жүргізу. Барлық шарттар, оның ішінде мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік тапсырма шеңберінде жасалған шарттар бойынша мониторинг жүргізу.  ҚР ҚМ өткізген Мемлекеттік сатып алу мониторингі. Мемлекеттік сатып алу веб-порталында орындалған жұмыстар актілеріне қол қою мерзімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Жұмыстарды қабылдау бойынша жұмыс тобының қорытындысы (хаттамасы) жөнінде мемлекеттік сатып алудың әлеуетті өнім берушілерінің өтінімдері бойынша ұсынылған тиісті қорытындылар негізінде техникалық ерекшеліктерді әзірлеу.

Бюджеттік өтінімге техникалық ерекшеліктердің сәйкестігін, мазмұнының толықтығын тексеруді, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру, іс-шараларды іске асыру мерзімдеріне мониторинг жүргізу. Заңнамамен белгіленген мерзімде орындалған жұмыстардың актілерін веб-порталда бекіту. Қол қоюдан бас тартқан жағдайда заңнамада белгіленген мерзімде дәлелді жауап орналастыру. Құзыреттер мен функционалдық міндеттер шеңберінде өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 30.04.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.05.2020 – 06.05.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

13.05.2020

Сұхбаттасу орны

г.Нур-Султан, пр.Мәңгілік Ел, 8, 11 подъезд

Анықтама алу үшін байланыс

74-24-14, 74-20-71