Стратегиялық және үйлестіру департаменті Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды талдау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Білім (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
Функционалды міндеттер
Департаменттің, Басқарманың жұмыс жоспарларында белгіленген тапсырмалардың, сондай-ақ Департамент, Басқарма басшылығы тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету; Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша Министрлік, Департамент, Басқарма жоспарларындағы іс-шаралардың уақытылы орындалуына есеп жүргізу; Министрлік құзыретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық базаны қалыптастыруға қатысу; Білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы, олардың тиімділігін бағалау туралы ақпарат дайындауды және енгізуді қамтамасыз ету; «ЭЫДҰ-ның Ересектердің құзыреттілігін халықаралық бағалау зерттеуіне (PIAAC) қатысу» жобасы бойынша есептерді зерттеу, ұсынымдар әзірлеу; білім беруді дамыту мәселелері бойынша семинар-кеңестер, конференциялар ұйымдастыру және оларды өткізуге қатысу; белгіленген тәртіпте және өз құзыреті шеңберінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, аумақтық білім және ғылым және өзге де мемлекеттік басқару органдарымен, білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 23.11.2020
- г. Нур-Султан, проспект Мангилик Ел, 8
-
74-24-17, 74-20-71