Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Астана қаласы
154141 - 208294
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Білім (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
Функционалды міндеттер
Еңбек нарығының қажеттіліктеріне және жұмыс берушілердің болжамдарына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру мәселелері бойынша басқарманың жұмысын үйлестіру; білім беру бағдарламалары топтары және жоғары оқу орындары бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу (квоталау); жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын әзірлеу; білім беру бағдарламаларының педагогикалық топтарына түсудің жаңа өлшемшарттарын енгізу тетігін әзірлеу; SAT, ACT және басқа да әдіснамаларды енгізе отырып, жоғары оқу орындарына, оның ішінде шетелдік азаматтар үшін ақылы негізде қабылдау қағидаларын жетілдіру; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын әзірлеу; кадрларды нысаналы даярлауды әкімшілендіру; «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру жөніндегі республикалық конкурсты өткізу»; «Мәңгілік Ел жастары – индустрияға» және т.б.; кадрлардың қажеттіліктерін зерделеу, М.В. Ломоносов атындағы ММУ, «Восход» МАИ, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті филиалдарында кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және орналастыру; білім беру грантын беру қағидаларын әзірлеу; жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлерді кешенді тестілеуді ұйымдастыру және өткізу; жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне тыңдаушыларды қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастыру, дайындық бөлімдерінің жұмысын үйлестіру; Білім беру гранттарын беру жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның жұмысын ұйымдастыру; базалық жоғары оқу орындарында магистрлер мен PhD докторларын нысаналы даярлау тетігін әзірлеу; жоғары оқу орындарына қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу. Мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді қорғау жөнінде ұсыныстарды өз құзыреті шегінде дайындау; азаматтарды қабылдауды жүргізу, құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштерін уақтылы және толық қарау, олар бойынша шешімдер қабылдау және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде жауап жіберу; басқармалар қызметінің бағыттары бойынша жоғары білімді дамыту басымдықтарын айқындау және стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, оның ішінде көрсеткіштер мен индикаторларды жоспарлау үшін ұсыныстар әзірлеу; басқарма қызметінің бағыттары бойынша бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру; басқарма қызметінің бағыттары бойынша конкурстық рәсімдерді өткізу үшін техникалық ерекшеліктерді дайындау және уақтылы ұсыну; Департамент құзыретіне кіретін басқарма қызметі бағыттарының мәселелері бойынша есептер, талдамалық материалдар мен анықтамалар дайындау; басқарманың құзыреті шеңберінде жоғары оқу орындарының қызметіне мониторинг жүргізу; жоғары білім саласындағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды орындау, оның ішінде басқарма қызметінің бағыттары бойынша көрсеткіштер мен индикаторларға қол жеткізу. Басқарма мәселелері бойынша ақпарат, есептер, анықтамалар дайындау, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу. Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарауға бақылауды жүзеге асыру. ҚР заңдарын, ҚР Президенті Жарлықтарын, жоғары тұрған органдардың шешімдерін, Министрліктің бұйрықтарын орындау.Өз құзыреті шеңберінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, сыртқы ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 23.11.2020
- г. Нур-Султан, проспект Мангилик Ел, 8
-
74-24-17, 74-20-71