Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ішкі аудит департаменті ішкі аудит басқармасының бас сарапшысы (С-4 санаты, 1 бірлік, № 16-2-3)
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Астана қаласы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде тиісті жылға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мемлекеттік аудит объектілерінің жылдық тізбесін қалыптастыру үшін мемлекеттік аудит объектілерінен алынатын ақпаратты жинауға және оларды талдауды жүзеге асыруға; ішкі мемлекеттік аудитті жүргізуге қатысқан кезде: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік аудит объектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға; 2) мемлекеттік аудит объектісінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге; 3) бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға; 4) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын сақтауға; 5) қызметтік әдеп талаптарын сақтауға; 6) мемлекеттік аудит объектісі басшысының (лауазымды адамдарының) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезінде қатысуына кедергі келтірмеуге, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нысанасына қатысты мәселелер бойынша түсіндірулер беруге; 7) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге, оның ішінде мемлекеттік құпияларға, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді жария етпеуге; 8)мүдделер қақтығысына ықпал ететін жағдайлар туралы хабарлауға; 9) мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша қабылданатын тиісті құжаттарды мемлекеттік аудит барысында алынған және жиналған ақпарат пен нақты деректерге ғана негіздеуге міндетті; міндетті орындау үшін жіберілген ұсынымдардың орындалуына мониторингті жүзеге асыруға; Департамент қызметінің нәтижелері туралы есептерді дайындауға қатысуға; Министрліктің мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесінің отырысына материалдар дайындауға қатысуға, оның тапсырмаларының орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыруға; Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігі Министрінің және аппарат басшысының бұйрықтарымен құрылатын жұмыс топтары мен түрлі комиссиялардың жұмысына қатысуға; өз құзыретіне кіретін мәселелер шегінде басшылықтың өзге де тапсырмаларын, сондай-ақ Департамент пен Министрліктің ережесінде көзделген функцияларды орындауға және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.idrisova@edu.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы. 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-21-29