Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ішкі аудит департаменті ішкі аудит басқармасының басшысы (С-3 санаты, 1 бірлік, № 16-2-1)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

441254

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Құқық

Қосымша талаптар

Аудиторлық іс-шаралар басқармасының қызметіне жалпы басшылықты қамтамасыз етуге; Департамент директорының келісімі бойынша басқарма қызметкерлері арасында міндеттерді бөлуге; ішкі мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік аудит объектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға; 2) мемлекеттік аудит объектісінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге; 3) бұзушылықтардың алдын алу, оны анықтау және оның жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға; 4) Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінде, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды қатаң түрде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес жүргізуге; 5) қызметтік және кәсіптік әдеп талаптарын сақтауға; 6) мемлекеттік аудит объектісі басшысының (лауазымды адамдарының) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезінде қатысуына кедергі келтірмеуге, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нысанасына қатысты мәселелер бойынша түсініктер беруге; 7) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге, оның ішінде мемлекеттік құпияларға, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді жария етпеуге; 8) мүдделер қақтығысына ықпал ететін жағдайлар туралы хабарлауға; 9) мемлекеттік аудит нәтижелерін мемлекеттік аудит барысында алынған және жиналған ақпарат пен нақты деректерге ғана негіздеуге міндетті; Министр бекітетін Департаменттің жылдық жұмыс жоспарын әзірлеуге қатысуға және оның орындалуын қамтамасыз етуге; Министр бекітетін тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыруды және оның орындалуын қамтамасыз етуге; мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының, оның ішінде Департаменттің міндетті орындау үшін жіберілген ұсынымдардың орындалуы мониторингін жүйелі негізде жүзеге асыруға; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарының бірыңғай дерекқорына орналастыруды қамтамасыз етуге; заңды тұлғалардың және/немесе мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды тұлғалардың іс- әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларда тиісті аудиторлық дәлелдемелері бар материалдарды құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға беруге; аудиторлық іс-шараның аяқталуы туралы анықтаманы уақтылы дайындап, белгіленген тәртіппен Департамент директорына бекітуге енгізуге; Департаменттің қызметі бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында ақпаратты орналастыруды қамтамасыз етуге; Қазақстан Республикасы Оқу- ағарту Министрлігі Министрінің және аппарат басшысының бұйрықтарымен құрылатын жұмыс топтары мен түрлі комиссиялардың жұмысына қатысуға; өз құзыретіне кіретін мәселелер шегінде басшылықтың өзге де тапсырмаларын, сондай-ақ Департамент пен Министрліктің ережесінде көзделген функцияларды орындауға және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 15.05.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.05.2026 – 20.05.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10Мбт

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы. 8, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-21-29