Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Балалардың саламаттылығын кешенді бағалау және халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы (С-4 санаты, 1 бірлік, № 21-4-3)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

380391

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Құқық
  • Халықаралық қатынастар
  • Аударма ісі
  • Құқық қорғау қызметі
  • Әлеуметтану
  • Психология
  • Жаратылыстану ғылымдары (биология)
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика
  • Жаратылыстану ғылымдары: химия
  • Жаратылыстану ғылымдары: география
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
  • Физика және информатика

Функционалды міндеттер

Өз құзыреті шегінде балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз ету; балалардың құқықтарын қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытуды жүзеге асыру және қамтамасыз ету; өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық ісіндегі мүдделі органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру; халықаралық бағдарламаларды әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз ету; факультативтік хаттамаларды іске асырудағы қызметті үйлестіру; шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізуді және өз құзыреті шегінде балалардың құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық шарттар (келісімдер) мен бағдарламаларға қол қоюды, білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру қағидаларын белгілеуді және осы жұмысты үйлестіруді қамтамасыз ету; баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халықаралық ұйымдарда мемлекеттің халықаралық міндеттемелерінің орындалуын және мемлекет мүдделерінің өкілдігін қамтамасыз ету; Бала құқықтары туралы конвенциядан және халықаралық бала ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері шеңберінде туындайтын міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы мерзімді мемлекеттік баяндаманы БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетіне ұсынуды және оны ресми басылымда жариялауды қамтамасыз ету; Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру және оларға ақпараттық, консультациялық және әдістемелік қолдау көрсетуге; Комитет құзыреті шегінде білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын әзірлеуге және бекітуге қатысу; өз құзыреті шегінде балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының индикаторлары мен көрсеткіштерінің орындалуы бойынша талдамалық материалдарды, есептерді уақтылы және сапалы дайындауды қамтамасыз ету; мемлекеттік орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Мемлекет басшысының тапсырмаларының, Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Жалпыұлттық жоспарлардың тармақтарының орындалуына мониторинг жүргізеді; өз құзыреті шегінде ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындау үшін Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету; өз құзыреті шегінде балалардың құқықтарын қорғау саласының әртүрлі аспектілеріне зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету; өз құзыреті шегінде балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру; өз құзыреті шегінде нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысу; өз құзыреті шегінде балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру; өз құзыреті шегінде бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен балалардың мүддесінде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ету; өз құзыреті шегінде бекітілген/нақтыланған республикалық бюджет негізінде тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшеліктерін әзірлеу; өнім берушілер мен орындаушылардың өз құзыреті шегінде шарттық міндеттемелердің орындалуына мониторингті жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 28.04.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.04.2026 – 04.05.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10Мбт

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы. 8, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-21-29