Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Инвестициялық саясат және инфрақұрылымды дамыту департаменті Білім беру ұйымдарының инфрақұрылымы басқармасының басшысы (санаты C-3, 1 бірлік, № 09-5-1)
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Астана қаласы
512004
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Басқарманың жұмыс жоспарларымен белгіленген тапсырмаларын, Басқарма құзыреті бойынша Департамент басшылығының тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз етуге; Басқарма қызметкерлерінің еңбек және орындаушылық тәртібінің сақталуын қадағалауды қамтамасыз етуге; Басқарманың жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыруды іске асыруға; Басқарма жұмысын талдау, оңтайландыру, кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру және оларды тиімді пайдалану бойынша шаралар әзірлеуге; Министрліктің құзыретіне жатқызылған мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын жаңғырту, жаңарту, күрделі және ағымдағы жөндеу, Технологиялық жабдықтармен, зертханалармен және шеберханалармен, пәндік кабинеттермен жарақтандыру мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде министрлік басшылығына ұсыныстар енгізу үшін әзірлеу; мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының объектілерін жаңғырту, жаңарту, күрделі және ағымдағы жөндеу жөніндегі жобаларды іске асыруды әдіснамалық сүйемелдеу, үйлестіру, мониторингтеу және бақылау жөніндегі жұмысты жүргізу; жаңғырту, жаңарту, күрделі және ағымдағы жөндеу тетіктерін әзірлеуге, технологиялық жабдықтармен (оның ішінде зертханалармен және шеберханалармен, пәндік кабинеттермен) жарақтандыруға, білім алушылардың/тәрбиеленушілердің және педагогтардың/ұйым қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу; мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушыларының/тәрбиеленушілерінің және педагогтерінің/қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жаңғырту, жаңарту, күрделі және ағымдағы жөндеу, Технологиялық жабдықтармен (оның ішінде зертханалармен және шеберханалармен, пәндік кабинеттермен) жарақтандыру мәселелерін шешуге бағытталған жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мониторинг жүргізу; мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандырудың ең төменгі нормативтері, білім алушылардың/тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, білім алушыларды тегін тасымалдауды ұйымдастыру және Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзге де нормативтік және құқықтық актілер мәселелері бойынша нормативтік және құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру объектілерінің инфрақұрылымын (ғимараттарды, құрылыстарды жаңарту, жаңғырту, күрделі және ағымдағы жөндеу)дамытудың перспективалық жоспарларын қалыптастыруға қатысу және жұмысты ұйымдастыру; Министрліктің құзыретіне жатқызылған мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының инфрақұрылымы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің Ұлттық жобалау кеңсесімен, Министрліктің және басқа да мемлекеттік органдардың жобалау Кеңсесімен өзара іс-қимыл жасау; қажет болған жағдайда ведомстволық бағынысты ұйымдардың, жобалау, инжинирингтік, консалтингтік және басқа компаниялардың, тәуелсіз сарапшылардың, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тарта отырып, мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі салада модернизациялау, жаңғырту, күрделі және ағымдағы жөндеу, Технологиялық жабдықтармен жарақтандыру мәселелері жөніндегі әдістемені, ұсыныстарды әзірлеу үшін жобалау тобын құруды ұйымдастыру білім беру; Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеуге қатысу; республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асыруға көзделетін мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын жаңғырту, жаңарту, технологиялық жабдықтармен (оның ішінде зертханалармен және шеберханалармен, пәндік кабинеттермен) жарақтандыру мәселелері бойынша өңірлердің әкімдіктерінен және Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарынан өтінімдер жинағын қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын жаңғырту, жаңарту жобаларын іске асыруда өңірлерге және Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарына, технологиялық жабдықтармен (оның ішінде зертханалармен және шеберханалармен, пәндік кабинеттермен) жарақтандыруға консультациялық-әдістемелік көмек көрсетуді қамтамасыз ету; білім беру ортасын жаңартуға және азаматтардың білім алуына қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған іс-шаралар кешенін әзірлеуге қатысу және жұмысты ұйымдастыру; Басқарманың құзыреті шегінде жоғары тұрған және өзге де мемлекеттік органдардың, Министрлік, Департамент басшылығының тапсырмалары бойынша қажетті ақпараттық, талдамалық, презентациялық материалдар, баяндамалар жобаларын дайындау; Министрліктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша нормативтік құқықтық базаны қалыптастыруға қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.idrisova@edu.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы. 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-21-29