Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру департаменті директорының орынбасары (C-2, 1 бірлік, № 06-2)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

688751

Жалпы біліктілік талаптары

   С-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, С-О-2, D-O-2, D-2, Е-1  санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (білім беру саласы)
  • Психология
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика
  • Жаратылыстану ғылымдары: химия
  • Жаратылыстану ғылымдары: биология
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
  • Физика және информатика

Функционалды міндеттер

Департамент туралы ережеге, Министрліктің жұмыс регламентіне және Министрліктің өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Департаменттің жұмысына басшылықты жүзеге асыру; Департаментке жүктелген міндеттердің уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету, Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру; өз құзыреті шегінде білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасын әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде оқу-әдістемелік, тәрбие және кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуді басқаруды жүзеге асыру; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің қызметін жоспарлау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; өз құзыреті шегінде Министрліктің мемлекеттік бағдарламаларының, орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлары мен бағдарламаларының жобаларын, Ұлттық жобаларды, Тұжырымдамаларды әзірлеуге қатысу; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету үшін Департамент құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын шығаруды жүзеге асыру; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты әзірлеу, өзектендіру және бекіту жұмыстарына қатысу; мүдделі мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жұмыс берушілермен және басқа да әріптестермен кадрлар даярлау бойынша өзара іс-қимыл жасау; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және орналастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; ұлттық білім беру деректер базасында (ҰБДҚ) статистика жинау қорытындысы бойынша қалыптасқан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің негізгі көрсеткіштеріне талдау жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру; салалық тиістілік шеңберінде әріптестік пен дағдыларды дамытуды әдіснамалық сүйемелдеуді ұйымдастыру; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесін дамытуды салааралық және өңіраралық үйлестіруге қатысу; педагогикалық кадрларды даярлау және қайта даярлау, біліктілігін арттыру бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және басқа да серіктестермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету; республикалық кеңестің қызметін үйлестіруді жүзеге асыру, кадрларды даярлау жөніндегі салалық, өңірлік кеңестердің қызметін талдау; жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің (БЖИ) көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша жұмысты үйлестіру; озық тәжірибені және оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы технологияларын зерделеу және тарату жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмысты үйлестіру, оның ішінде WorldSkills қозғалысын дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 22.04.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.04.2026 – 27.04.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10Мбт

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, кіреберіс 11

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-21-29