Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаменті Республикалық бюджетті атқару басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік, № 12-4-2 (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалысы мерзіміне 2027 жылғы 29 маусымға дейін)
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Астана қаласы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Бухгалтерлік есеп және аудит
Функционалды міндеттер
Шарттардың қаржыландыру жоспарларына сәйкес келуіне келісуге; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылықтың аумақтық органында азаматтық-құқықтық мәмілелердің тіркелуін қамтамасыз етуге; орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актілерін, тауарларды қабылдау-тапсыру актілерін дұрыс рәсімдеуді келісуге: аванстық төлемдерді мемлекеттік сатып алу веб-порталымен байланыстыруға; төлемдерді мемлекеттік сатып алу веб-порталындағы актілермен байланыстыру; көрсетілетін қызметтер (орындалған жұмыстар) актілеріне, тауарларды қабылдау-тапсыру актілеріне келісушілерді және қол қоюшыны қосуға; ақпаратта мыналарды: Шарттың басынан бастап төленген сомасын, бұрын қабылданған актілер сомаларын, Жеткізушіге аударуға қажетті соманы толтыруға; қабылданған және бекітілген орындалған жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің, тауарлардың) актілерін, қол қойылған тізілімдерді, аударуға өтінімдер және төлем алдындағы басқа да қажетті құжаттар негізінде бекітілген қаржыландыру жоспарларына сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландыруды жедел орындау бойынша жұмысты іске асыруға; Министрліктің бюджеттік бағдарламаларын уақтылы қаржыландыруды жүзеге асыруға; Министрліктің бекітілген қаржыландыру жоспарының орындалуына мониторинг жүргізуге; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетімен өзара әрекеттесу жасауға; Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарымен, жергілікті атқарушы органдармен және басқа да ұйымдармен жұмыс жасауға; белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебін қалыптастыруға қатысуға; бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органда және Қазақстан Республикасының Парламентінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебін қорғауға қатысуға; бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға ұсына отырып, Министрліктің бюджеттік бағдарламаларының (кіші бағдарламаларының) іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы ай сайынғы, жыл сайынғы есептілікті е-ҚМ АЖ-да (міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларының орындалуы туралы есеп) уақтылы әзірлеуді және ұсынуды қамтамасыз етуге; басшылықтың өзгеде тапсырмалырн орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.idrisova@edu.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-21-29