Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру Департаменті Студенттерді әлеуметтік қамтамасыз ету, техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту басқармасының басшысы (C-3 санаты, 1 бірлік, № 06-4-1)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

512004

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Биологиялық және сабақтас ғылымдар
  • Математика және статистика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Жаратылыстану ғылымдары: химия
  • Физика және информатика

Функционалды міндеттер

Министрліктің ережелеріне, бөлім туралы ережеге және министрліктің өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес бөлім жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асыру; студенттерді әлеуметтік қамсыздандыру және техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер мен өзге де құжаттарды әзірлеуге қатысу; облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент ққ. Білім басқармаларымен, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен және оқу орындарымен, салалық мемлекеттік органдармен мамандарды даярлаудағы Студенттерді әлеуметтік қамтамасыз ету және техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жүргізуге; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім саласындағы жобаларды үйлестіруге; ел экономикасы үшін кадрлар даярлау жөніндегі жұмысты жүргізу; бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бұқаралық ақпарат құралдарымен, басқа да ақпараттық-коммуникациялық құралдарымен жұмыс жасау мәселелерін үйлестіруге; ҚР мәдениет және ақпарат министрлігімен өзара іс-қимыл жасау; техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы Астана қаласы Білім басқармасының қызметіне жетекшілік жасауға; басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бөлігінде Мемлекеттік сатып алу жоспарының орындалуын қамтамасыз ету; басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бюджеттік өтінімдерді қалыптастыруға қатысу; басқарманың құзыретіне кіретін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіру; Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Ұлытау, Маңғыстау, Атырау, облыстық және Астана қаланың техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы білім басқармаларының қызметіне жалпы жетекшілік етуді жүзеге асыру; құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Үкімет Аппараты, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатында және өзге де мүдделі мемлекеттік органдарда ұйымдастырылатын кеңеске материалдар дайындау және қатысу; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және басшылықтың тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Басқарма атынан өкілдік етеді; Қазақстан халқы Ассамблеясының Стратегиясын іске асыру мәселелері бойынша жұмыс жүргізу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 02.04.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.04.2026 – 07.04.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 мбт

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы. 8, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-21-29