Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бөлім басшысы, C-O-4 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-O-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 1000000

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
  • Математика
  • Физика
  • Информатика
  • Тарих
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Химия-Биология
  • Математика-Физика
  • Бастауыш білім беру

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

1) Баланың құқықтарын қорғау, бала асырап алу, қамқоршылық, патронат, қабылдау және қонақ отбасы, балалардың қараусыз және панасыз қалуына қарсы іс-қимыл, әлеуметтік жетімшіліктің алдын алу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және басқа ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;2) Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға арналған білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында білім алу, тамақтандыруды ұйымдастыру, тасымалдау, демалыс, сауықтыру және бос уақытты өткізу құқықтарын қамтамасыз етуді мониторингтеу және оның нәтижелерін кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органға жіберу; 3) Жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша келіп түскен өтініштерге жауаптарды (материалдарды) дайындау; 4) Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау әдістері мен тетіктерін жетілдіру мәселелері бойынша ақпарат жинау және талдамалық анықтамалар дайындау; 5) Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жұмысына қатысу; 6) Департаменттің сайтында өңірдегі кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жағдайы және білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік бақылау шараларының нәтижелері туралы ақпаратты орналастыру; 7) Білім беру және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жұмыстарына қатысу; 8) Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша әлемдік тәжірибені және үздік тәжірибелерді зерттеу, талдау және енгізуді ұйымдастыру; 9) Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, келесі оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды өткізу: мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламалары; арнайы білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары; арнайы білім берудің оқу бағдарламалары; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары. 10) Білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалау (білім беру сапасының ішкі бағасы) материалдарын талдау; 11) Білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен нормативтік-құқықтық актілердің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуына мемлекеттік бақылау шараларын жүргізу; 12) Бақылау және тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес уәкілетті органның құзыретіне жататын баптар бойынша әкімшілік жаза қолдану, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау және оларды сот органдарына беру, сот процестеріне қатысу. 13) Білім беру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарын әзірлеу бойынша жобалар жасау жұмысына қатысу; 14) Білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқамаларды белгіленген мерзімде орындау үшін міндетті түрде беру; 15) Әкімшілік тәжірибе бойынша жұмыс жүргізу, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша деректер базасын қалыптастыру; 16) Білім беру ұйымдарында тексерулер мен профилактикалық бақылау санының, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтар мен оларға қабылданған әкімшілік ықпал ету шараларының ведомстволық есебін тұрақты және үздіксіз жүргізу; 17) Білім беру ұйымдарына барумен және барусыз субъектілерге тексерулер мен профилактикалық бақылауды өткізу жоспарын әзірлеу және іріктеуге қатысу; 18) Құқықтық статистика органдарында тексеру және профилактикалық бақылау тағайындау актісін тіркеуді жүзеге асыру, сондай-ақ ОЛ-1 формасы бойынша есептілік жүргізуді ұйымдастыру және бақылау; 19) Департамент құзыреті шегінде мәселелерді пысықтау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғылыми және өзге ұйымдарды, сондай-ақ жекелеген ғалымдарды, педагогтерді, мамандар мен сарапшыларды тарту; 20) Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін білікті білім беру саласындағы мамандар арасынан сарапшылар деректер базасын құру; 21) Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерінің негізінде бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу бойынша жартыжылдық тізімді әзірлеу; 22) Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және оларды Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес сот органдарына жіберу; 23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департаменттің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап арыздарды ұсыну; 24) Құқықтық статистика органдарында тексеру және профилактикалық бақылау тағайындау актісін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру; 25) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарының қызметін тоқтата тұруды жүзеге асыру; 26) Оқушылардың білім беру жетістіктерін мониторингтеуді ұйымдастыру және өткізуге қатысу; 27) Қамқоршылық кеңестердің отырыстарына қатысу, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, балаларды қолдау орталықтарында байқаушы ретінде болу; 28) Департаментте құқықтық оқытуды ұйымдастыру; 29) Бақылау іс-шараларының (профилактикалық бақылау, жоспардан тыс тексерулер) нәтижелері бойынша деректер базасын (мұрағатты) үздіксіз және тұрақты негізде жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіру; 30) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына қатысу; 31) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу; 32) Мемлекеттік білім беру саясатын және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саясатын іске асыру жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу; 33) Білім алушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізуге қатысу; 34) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру; 35) Департаменттің негізгі қызмет бағыттары бойынша талдамалық және ақпараттық материалдар дайындау; 36) Қазақстан Республикасындағы білім беру сапасын қамтамасыз ету саласындағы стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалық құжаттарға ұсыныстарды қалыптастыруға, оларды орындау бойынша ақпарат дайындауға қатысу; 37) Департаменттің кадр жұмыстары мен жоспарларын дайындауға, оның қызметі туралы есептерді әзірлеуге қатысу; 38) Семинарлар, кеңестер және өзге де іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; 39) Негізгі міндеттерді шешу бойынша тапсырмаларды уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету; 40) «ЕСЭДО», «Е-қызмет», «Е-өтініш» ақпараттық жүйелерінде және басқа да ақпараттық жүйелерде құзыретіне сәйкес жұмыс жүргізу; 41) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімдер мен тілдік талаптарды сақтай отырып қамтамасыз ету.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 27.03.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

30.03.2026 – 01.04.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

06.04.2026

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Есіл ауданы, Сығанақ 47 (онлайн)

Анықтама алу үшін байланыс

Анықтама телефоны: 8-7172-51-69-85, факс: 8-7172-51-69-85, e-mail: dokso_astana@edu.gov.kz