Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балалардың саламаттылығын кешенді бағалау және халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы, (C-4 санаты, 1 бірлік, №21-4-2)
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті
Астана қаласы
380391
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Құқық
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Құқық қорғау қызметі
- Әлеуметтану
- Психология
- Жаратылыстану ғылымдары (биология)
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Жаратылыстану ғылымдары: химия
- Жаратылыстану ғылымдары: география
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
- Физика және информатика
Функционалды міндеттер
Өз құзыреті шегінде балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз ету Комитеттің құзыреті шегінде білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын әзірлеуге және бекітуге қатысу; Комитеттің құзыреті шегінде көзделген құзырет шеңберінде педагог лауазымдарының тізбесі мен үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеуге және бекітуге қатысу; Комитеттің құзыреті шегінде мемлекеттік ұйымдардың педагогтері педагогтерінің жалақысын есептеу және аттестаттаудан өту қағидаларын әзірлеуге және бекітуге қатысу; Комитеттің құзыреті шегінде салалық көтермелеу жүйесін әзірлеуге және бекітуге қатысу; Комитеттің ережесін, басқарма ережелерін, лауазымдық міндеттерін әзірлеу және бекіту жөніндегі жұмысты үйлестіру; Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің жоспарларын, жол карталарын; Министр мен вице-министрлердің тапсырмаларын; Комитет Төрағасының тапсырмаларын іске асыру мониторингін жүргізу; Комитет басшылығының азаматтарды жеке қабылдауы бойынша кесте жасау және оның сақталуын есепке алу мен бақылауды және Комитет басшылығының азаматтарды жеке қабылдауы бойынша тоқсан сайынғы есепті жүргізеді; Халықаралық балаларды қорғау күнін, Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеу мәселелері бойынша ЖАО, облыстық, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының, қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің, білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіру; Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен, Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдермен өзара іс- қимылды жүзеге асыру; балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша балалар өкілдіктерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; Білім саласындағы гендерлік саясатты іске асыруды үйлестіру; балалардың ақпараттық қауіпсіздігін үйлестіру мен мониторингті қамтамасыз ету; барлық білім беру ұйымдарында мектеп медиациясының қызметін үйлестіру; өз құзыреті шегінде балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының индикаторлары мен көрсеткіштерінің орындалуы бойынша талдамалық материалдарды, есептерді уақтылы және сапалы дайындауды қамтамасыз ету; мемлекеттік орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Мемлекет басшысының тапсырмаларының, Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Жалпыұлттық жоспарлардың тармақтарының орындалуына мониторинг жүргізеді; өз құзыреті шегінде ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындау үшін Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету; өз құзыреті шегінде балалардың құқықтарын қорғау саласының әртүрлі аспектілеріне зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету; өз құзыреті шегінде балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру; өз құзыреті шегінде нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысу; өз құзыреті шегінде балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру; өз құзыреті шегінде бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен балалардың мүддесінде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ету.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
zh.abisheva@edu.gov.kz
- 26.03.2026
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, кіреберіс 11
-
8 (7172) 74-19-25