Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің мазмұны және әдіснамалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы (С-3 санаты, 1 бірлік, № 20-5-1)
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Астана қаласы
512004
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (биология)
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Жаратылыстану ғылымдары: физика
- Жаратылыстану ғылымдары: химия
- Жаратылыстану ғылымдары: география
- Физика және информатика
Функционалды міндеттер
Жұмыс бағыты бойынша жұмысты жоспарлауға, шарттар мен актілерге келісуге; басқарма қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртібінің сақталуын бақылау; басқармаға жалпы басшылық жасауды және оның жұмысын жоспарлауды жүзеге асыру; орта білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру; бағдарламалық және стратегиялық құжаттарды орындауды іске асыру және ақпарат дайындауды басқару жұмысын үйлестіруге; жаратылыстану – математикалық бағыттағы және дене шынықтыру, АӘД пәндерінің орта білім беру ұйымдарының жалпыға міндетті стандарттарын (бұдан әрі-МЖМБС), үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын, әзірлеу, бекіту және енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға; жаратылыстану-математикалық бағыттағы және дене шынықтыру, АӘД пәндерін білім беру ұйымдары үшін МЖМБС және үлгілік оқу бағдарламалары мен оқу әдебиеттерін сынақтан өткізуді және мониторингтеуді ұйымдастыру; жаратылыстану-математикалық бағыт және дене шынықтыру, АӘД педагогтерінің, МЖМБС іске асыру бойынша қызметін үйлестіру; оқушылардың білім сапасын және жаратылыстану-математикалық бағыт және дене шынықтыру, АӘД пәндерін оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуін талдау; жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер, дене шынықтыру, АӘД пәндері бойынша ЖБИ халықаралық рейтингі және TIMSS, PISA халықаралық зерттеу мәселелерін үйлестіру; жетекшілік ететін мәселелерге қатысты тиісті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту және енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; Басқарма құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға қатысу; орта білім беру саласындағы жекелеген міндеттерді шешу және проблемаларды, сондай-ақ жаратылыстану-математикалық бағыттағы «Дене шынықтыру» және «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық» пәндерін зерделеу үшін комиссиялар, жұмыс және зерттеу топтарын құру жөнінде ұсыныстар енгізу; А. Байтұрсынов атындағы «Талдау» білім беруді зерттеу және бағалау ұлттық орталығы» акционерлік қоғамымен өзара іс-қимыл жасай отырып, орта білім беру, сондай-ақ жаратылыстану-математикалық бағыты, дене шынықтыру, АӘД мәселелері бойынша ақпаратты жинау және өңдеу; жаратылыстану-математикалық бағыт және дене шынықтыру, АӘД педагогтерін аттестаттау және олардың біліктілігін арттыру мәселелерін үйлестіру; өз құзыреті шегінде мемлекеттік және халықаралық бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету; халықаралық мектептер мәртебесін беру ережелерін әзірлеуге қатысу; халықаралық мектеп мәртебесін беру рәсіміне қатысу; соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, халықаралық ғылыми жобалар конкурстарының және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын қалыптастыру; Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, оның ішінде орта білім беру, сондай-ақ жаратылыстану-математикалық білім және дене шынықтыру, АӘД саласындағы бағдарламалық және стратегиялық құжаттарды әзірлеуге қатысу; Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, Республикалық физика-математика мектебінің қызметін үйлестіру; Ағымдағы және қорытынды аттестаттау мәселелерін үйлестіру; Ауыл мектептері, шағын жинақты мектептер жұмысын үйлестіру; Министрліктің өкілеттігі шегінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын қалыптастыруға қатысу; мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуге, оларды оқыту, бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру саласында іске асыруға қатысу; құзыретіне кіретін мәселелер шегінде Комитет, Министрлік басшылығының басқа да тапсырмаларын орындауға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.idrisova@edu.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, кіреберіс 11
-
8 (7172) 74-21-29