Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім беру департаменті директорының орынбасары (С-2 санаты, 1 бірлік, № 04-2)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

688751

Жалпы біліктілік талаптары

   С-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, С-О-2, D-O-2, D-2, Е-1  санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Филология
  • Психология
  • Жаратылыстану ғылымдары: физика
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
  • Физика және информатика

Функционалды міндеттер

Министрліктің құзыретіне жатқызылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етуге; құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдарды (білім беруді басқару органдарын) үйлестіруді және әдістемелік басшылықты жүзеге асыруға; Министрлік қалыптастыратын мектепке дейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыруға; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын басқару жөніндегі міндеттерді іске асыруды үйлестіруді жүзеге асыруға; өз құзыреті шегінде мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы Ұлттық баяндама үшін мектепке дейінгі білім беру жүйесінің жай-күйі, оның қызметінің тиімділігі туралы объективті ақпарат дайындауға; Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну үшін Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы жыл сайынғы мемлекеттік баяндамаға енгізу үшін ақпарат дайындауға; білім беру мониторингі бойынша, оның ішінде білім беруді басқару жүйесін ақпараттық қамтамасыз ету бойынша үйлестіруді жүзеге асыруға; Департаменттің құзыретіне кіретін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлеуге қатысуға; ұлттық жобалардың, ҚР мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының, оны іске асыру жөніндегі жоспар-кестенің, даму жоспары мен Министрліктің операциялық жоспарының орындалуын қамтамасыз етуге; Департамент директорының тапсырмаларын белгіленген мерзімде уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етуге; Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, өтініштері мен шағымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарауға; мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге; мектеп жасына дейінгі балалардың конституциялық құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге; Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдарды (білім беруді басқару органдарын) үйлестіруді және әдістемелік басшылықты жүзеге асыруға; Министрлік қалыптастыратын мектепке дейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыруға; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын басқару бойынша үйлестіруді жүзеге асыруға; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз ету бойынша үйлестіруді жүзеге асыруға; мектепке дейінгі ұйымдарды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асыруға;
мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық консультациялық әдістемелік қолдау көрсетуді үйлестіруге; мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық бойынша үйлестіруді жүзеге асыруға; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың инновациялары бойынша халықаралық тәжірибені зерделеуге; мектепке дейінгі ұйымдарда эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын әзірлеуді үйлестіруге; халықтың тығыздығына және елді мекендердің қашықтығына байланысты мектепке дейінгі ұйымдар желісінің кепілді мемлекеттік нормативін әзірлеуді үйлестіруге; мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленетін және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын әзірлеуге қатысуға; мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленетін және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты қызметтерді және (немесе) тауарларды жосықсыз берушілердің (әлеуетті жеткізушілердің) тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлеуге қатысуға; мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын, қолжетімділігін арттыру жөніндегі жұмысты үйлестіруге; мектепке дейінгі білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидаларын әзірлеуге қатысуға; білім беру сапасына халықаралық салыстырмалы зерттеулер жүргізуді үйлестіру және білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы Ұлттық баяндаманы дайындау, сондай-ақ «Ұлттық білім беру деректер базасы» ақпараттық жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграциялауды және қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны айқындауға қатысуға; білім беруді басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз ету бойынша үйлестіруді жүзеге асыруға; бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты үйлестіруді, Министрлік сайтының, әлеуметтік желілердегі парақшалардың мазмұнын толтыруды жүзеге асыруға; әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемаларын қалыптастыру кезінде қолданылатын білім беруді басқару органдары (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармасы, сондай-ақ аудандарда, қалаларда немесе аудандарда, облыстық және Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада орналасқан білім берудің есеп беретін және олардың бақылауындағы бөлімдері) арасында функцияларды бөлуді әзірлеуге қатысуға; оқу-әдістемелік кешендерде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қажеттілігін болжау әдістемесін әзірлеуге қатысуға; мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілерін оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіруге; Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ жарғысын келісуге; педагогикалық этика ережелерін әзірлеуді үйлестіруге;мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын әзірлеуді үйлестіруге; мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларын әзірлеуді үйлестіруге; «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын әзірлеуге қатысуға; мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің үлгілік штаттарын әзірлеуді үйлестіруге; тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібін және тәлімгерлікті жүзеге асыратын мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне қойылатын талаптарды әзірлеуді үйлестіруге; салалық көтермелеу жүйесін әзірлеуге қатысуға; мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу Ережесін әзірлеуге қатысуға; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлеуге қатысуға; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлеуге қатысуға; біліктілікті арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесінің әдістемесін әзірлеуге қатысуға; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын әзірлеуді үйлестіруге; мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шартын жасасу қағидаларын әзірлеуге қатысуға; стратегиялық әріптестікті іске асыруға мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері туралы материал дайындауға; жасалған шарттарға және стратегиялық әріптестікті іске асыруға мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестердің міндеттемелерді орындауын бағалауды жүзеге асыруға; стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді өткізуге қатысу және олармен стратегиялық әріптестікті іске асыруға мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес шарт жасасуға; мектепке дейінгі ұйымдарды, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеуді және оқытуды жүзеге асыратын ұйымдарды материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік жарақтандыруға және қамтамасыз етуге міндетті ең төменгі талаптарды әзірлеуге; мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді үйлестіруге; өтініштерде (өтінімдерде, шағымдарда), сұрауларда, ұсыныстарда, жауаптарда және хабарламаларда жеке және заңды тұлғалар көтеретін жүйелік проблемаларды талдауды, мониторингтеуді және анықтауды жүзеге асыруға; мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы жекелеген міндеттерді шешу және проблемаларды зерделеу үшін комиссиялар, жұмыс және зерттеу топтарын құру жөнінде ұсыныстар енгізуге; мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісім бойынша Министрліктің даму жоспарын әзірлеу үшін материал енгізуге; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволық бағынысты ұйымдарда бюджеттік және қаржылық тәртіпті бақылауды қамтамасыз етуге; мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық консультациялық әдістемелік қолдау көрсетуге;үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуына мониторингті және оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыруға; мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалау бойынша жоспарланатын тақырыптар мен ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыру жөніндегі жұмысты үйлестіруге; үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру жөніндегі ақпаратты енгізуге; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштерін, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және жою туралы ұсыныстарды дайындауды және енгізуді жүзеге асыруға; стандарттау жөніндегі құжаттардың жобалары және ұлттық стандарттау жоспары бойынша ұсыныстар енгізуге; стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асыруға; стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі Ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуға; өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысуға; министрліктің өкілеттігі шегінде ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге қатысуға; Департаменттің өкілеттігі шегінде іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын қалыптастыруға қатысуға; мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуге қатысу, оларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында іске асыруды жүзеге асыруға; мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша есептер қабылдауға;ұлттық ғылыми кеңестердің құрамына енгізу және олардың құрамдарын келісу үшін кандидатуралар бойынша ұсыныстар енгізуге; ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережені әзірлеуге қатысуға; іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын базалық қаржыландыру субъектілері мен ғылыми ұйымдардың тізбесін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізуге; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мәліметтерді алуға; басшылықтың келісімі бойынша Департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға қатысуға; мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеуге қатысуға; ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларын әзірлеуге қатысуға; Министрліктің өкілеттігі шегінде ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіруді жүзеге асыруға; Министрліктің жұмыс жоспарын, басшылықтың тапсырмаларын белгіленген мерзімде уақтылы және сапалы орындау бойынша бақылау жүргізуге; Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы стратегиялық құжаттардың, Департаменттің жұмыс жоспарларының (іс-шараларының) және директордың, Министрлік басшылығының тапсырмаларының белгіленген мерзімдерде сапалы орындалуына бақылау жүргізуге;Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, оның ішінде мектепке дейінгі білім беру саласындағы бағдарламалық және стратегиялық құжаттарды әзірлеуге қатысуға; басшының басқа да тапсырмаларын орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 23.02.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.02.2026 – 26.02.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10Мбт

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, кіреберіс 11

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-21-29