Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті «Келешек мектептері» қызметін және мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын мониторингілеу басқармасының бас сарапшысы (С-4 санаты, 1 бірлік, № 20-8-3)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

380391

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Математика
  • Химия
  • Биология
  • География
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
  • Физика және информатика

Функционалды міндеттер

Орта білім беру саласында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етеді, цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, оның ішінде цифрлық жобаларды жоспарлау, ұйымдастыру, әдістемелік сүйемелдеу, іске асыруды бақылау, сондай-ақ оларды білім беру процесінде қолданудың тиімділігін талдау және бағалауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын және тапсырмаларын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының Комитет құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орындалуына мониторинг жүргізеді. Орта білім беру мәселелері жөніндегі Министрлік алқасының, Қазақстан Республикасы Үкіметі отырыстарының материалдарын, тамыз педагогикалық кеңестерін дайындауды ұйымдастырады. Оқу-ағарту министрлігінің Жоспарының, Министрліктің Операциялық жоспарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі мен өңір әкімдері арасындағы меморандумдар тармақтарының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының орындалуына мониторинг жүргізеді. Комитетке келіп түскен бақылаудағы құжаттардың және өтініштердің уақытылы орындалуын қадағалайды.
Аналитикалық анықтамалар, қызметтік жазбалар, жинақталған ақпарат дайындап, есептерді жоғары тұрған органдарға жолдайды. Орта білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұйымдастырады, олардың сапасын және қолжетімділігін арттыруды қамтамасыз етеді. Орта білім беру жүйесінің жағдайы және оның қызметінің тиімділігі туралы қоғамды және мемлекетті объективті ақпаратпен қамтамасыз етеді, бұл ретте жыл сайынғы ұлттық баяндама әзірлеу және жариялау жұмыстарын жүргізеді. Министрлік қалыптастыратын мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға қосымша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасына ішкі бақылауды жүзеге асырады. Өз бағыты бойынша жұмысты жоспарлайды, орта білім беру саласындағы статистика мен әкімшілік есептілікті қалыптастыру әдістемесін, сондай-ақ Ұлттық білім беру деректер қорының (ҰББД) статистикалық деректерін талдау және мониторинг жүргізу әдістерін жетілдіреді. Өңірлермен апталық селекторлық кеңестер өткізуге және материалдар дайындауға ұйымдастырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне бекітілген «Amanat» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы іс-шараларының орындалуын қамтамасыз етеді. Министрдің, Вице- министрдің және Комитет Төрағасының азаматтарды қабылдауын ұйымдастырады, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жүргізеді. Еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтайды. «Е-қызмет», Бұлтты құжат айналымы (БҚА), «Е-өтініш» және өзге де ақпараттық жүйелерде құзыреті шегінде жұмыс істейді.
Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттаманың талаптарын, оның ішінде Ақпараттық қауіпсіздік саясатын, Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын ақпаратты жария етпеу жөніндегі міндеттемелерді, мобильді құрылғыларды, ақпарат тасымалдағыштарды, интернетті және электрондық поштаны пайдалану қағидаларын сақтайды.
Ақпараттық қауіпсіздікке жауапты қызметкерлерге ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуге талпыныстар және қорғау жүйесінің жұмыс қағидаларын бұзу фактілері туралы хабарлайды. Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген мерзімдер мен жауап беру тіліне қойылатын талаптарды сақтай отырып қарайды. Құзыреті шегінде Министрлік басшылығының қол қоюына құқықтық актілер жобаларын енгізеді, оларды толық ресімделгенге дейін есепке алады және мониторинг жүргізеді. Құзыреті шегінде Комитет пен Министрлік басшылығына сұратылған ақпаратты уақтылы ұсынады. Істер номенклатурасын әзірлеуге қатысады, өз құзыреті шегінде істерді қалыптастырады. Баспасөз құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі жұмысты жүргізеді, ақпараттық саясатты жоспарлау мен іске асыруды қамтамасыз етеді. Құжаттардың және істердің сақталуын қамтамасыз етеді. Басқа құрылымдық бөлімшеге ауысқан немесе лауазымнан босатылған жағдайда орындауда тұрған құжаттарды, сондай-ақ функционалдық міндеттерге сәйкес қалыптастырылған құжаттар мен істерді және материалдық-техникалық құралдарды Комитет төрағасының шешімі бойынша қабылдау-тапсыру актісі негізінде қағаз және электрондық тасымалдағыштарда басқа тұлғаға тапсырады, сондай-ақ еңбек кітапшасын алуға дейін Комитетке айналым парағын (обходной лист) тапсырады. Құзыретіне кіретін мәселелер шегінде Комитет пен Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 03.02.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.02.2026 – 06.02.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10Мбт

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, 11 кіреберіс.

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-21-29