Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Балаларды психологиялық қолдау басқармасының бас сарапшысы (C-4 санаты,1 бірлік,, № 21-7-4)
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Астана қаласы
380391
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Аударма ісі
- Әлеуметтану
- Психология
- Жаратылыстану ғылымдары (биология)
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Жаратылыстану ғылымдары: химия
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
- Физика және информатика
Функционалды міндеттер
Орта білім беру ұйымдарының психологиялық қызметтерінің қызметін және оларды әдістемелік сүйемелдеуді үйлестіреді; Психологиялық қолдау орталықтарының қызметін үйлестіреді;; Орта білім беру ұйымдарының, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың білім алушылары мен тәрбиеленушілерін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мәселелеріне жетекшілік етеді; Кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу, кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті және қоғамға жат мінез-құлқы және балалар арасында суицидті есепке алу мәселелерін үйлестіреді; Орта білім беру ұйымдарының, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың білім алушылары мен тәрбиеленушілерін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асырады; Балалардың құқықтары бұзылған, кәмелетке толмағандар арасындағы суицид, кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті, қоғамға жат мінез-құлқы жағдайларын жақсарту бойынша іс-шараларға бастамашылық жасайды және ұсыныстар енгізеді; Әлеуметтік тәуекел тобындағы балаларды әлеуметтік-құқықтық қолдауға, кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті және әлеуметтік емес мінез-құлқының себептері мен жағдайларын анықтауға бағытталған шараларды іске асыруға қатысады; Кәмелетке толмағандарды жәбірлеудің (буллингтің) және кемсіту мәселелеріне жетекшілік етеді; Жетекшілік ететін мәселелер бойынша стратегиялық құжаттардың (кешенді жоспарлар, жол карталары) уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді; Жетекшілік ететін мәселелер бойынша мониторинг және статистика жүргізеді; Жетекшілік ететін мәселелер бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды; Жетекшілік ететін мәселелер бойынша іс-шараларға қатысады және олардың қорытындылары бойынша ұсыныстар енгізеді; Жетекшілік ететін мәселелер бойынша әлемдік тәжірибе мен үздік тәжірибелерді енгізуді зерделейді, жинақтайды және ұйымдастырады; Жетекшілік ететін мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық актілер жобасына ұсыныстар енгізеді; Жетекшілік ететін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді, нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды әзірлеуге және бекітуге қатысады; Министрге, вице-министрлерге, Комитет Төрағасына және басқарма басшысына баяндамаларға, анықтамаларға, баяндамаларға талдамалық материалдар, жетекшілік ететін мәселелер бойынша мақалалар дайындайды; Өз құзыреті шегінде балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша әлеуметтік маңызы бар бастамалар мен жобаларды қолдау және іске асыруға жәрдемдесу бойынша жұмыс жүргізеді; Жетекшілік ететін мәселелер бойынша халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды; Министрліктің баспасөз қызметімен бірлесіп жетекшілік ететін мәселелер бойынша баспасөз конференциясын, брифингтерді ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізеді; Комитет басшылығының, басқарма басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.idrisova@edu.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, кіреберіс 11
-
8 (7172) 74-21-29