Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті «Келешек мектептері» қызметін және мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын мониторингілеу басқармасының бас маманы (С-4 санаты, 1 бірлік, № 20-8-2)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Жаратылыстану ғылымдары (биология)
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика
  • Жаратылыстану ғылымдары: химия
  • Жаратылыстану ғылымдары: география
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
  • Физика және информатика

Функционалды міндеттер

Басқарма бас сарапшысы «Келешек мектептері» білім беру ұйымдарында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды ұйымдастырады, мектеп моделін және «Келешек мектептері» басқару моделін әзірлеу, бекітуге енгізу және іске асыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын орындау бойынша жұмысты ұйымдастырады. Ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 249 қаулысымен бекітілген 2023–2029 жылдарға арналған білім беруді дамыту тұжырымдамасының (2-бағыт) іске асырылуына мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді, «Келешек мектептері» білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіреді, педагогтердің жұмысын басқаруды, әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, сондай-ақ оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізуді ұйымдастырады.
Жоғары тұрған органдарға жетекшілік ететін мәселелер бойынша сұратылған ақпараттың уақтылы берілуін қамтамасыз етіп, Комитет қызметіне қатысты деректердің ашық деректер интернет-порталында жариялануын және Ашық деректер тізбесінің толықтырылуын бақылайды. Заңнамада белгіленген мерзімдер мен талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде қарайды, еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтайды, сондай-ақ құзыреті шеңберінде «Е- қызмет» ақпараттық жүйесінде, Электрондық құжат айналымы жүйесінде, «Е-өтініш», «Е-құжат» және өзге де ақпараттық жүйелерде жұмыс жүргізеді. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтап, ақпараттық қауіпсіздікке жауапты қызметкерлерге рұқсатсыз қол жеткізуге талпыныстар немесе қорғау жүйесінің бұзылу фактілері туралы хабарлайды. Басқа құрылымдық бөлімшеге ауысқан немесе лауазымнан босатылған жағдайда орындаудағы құжаттарды, істер номенклатурасына сәйкес қалыптастырылған құжаттар мен материалдық-техникалық құралдарды қабылдау-тапсыру актісі бойынша тапсырады және еңбек кітапшасын алу алдында айналым парағын тапсырады. Өз құзыретіне кіретін мәселелер шегінде Комитет пен Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 22.12.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.12.2025 – 25.12.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10Мбт

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, 11 кіреберіс.

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-21-29