Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті Қосымша білім беру басқармасының бас сарапшысы (С-4 санаты, 1 бірлік, № 05-5-3)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Білім (білім саласы)
  • Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
  • Музыкалық білім
  • Бейнелеу өнері және сызу
  • Дене шынықтыру және спорт
  • Химия
  • Филология
  • Құқықтану
  • Психология
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Жаратылыстану ғылымдары (биология)
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика
  • Жаратылыстану ғылымдары: физика
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)

Функционалды міндеттер

Бағыт бойынша жұмысты жоспарлау, стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың орындалуын үйлестіру, орындалған жұмыстардың актілерін тексеру және келісу, Қазақстан халқы Ассамблеясына қатысты мәселелерді ұйымдастыру, тиісті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, бағдарламалық және стратегиялық құжаттарды орындау бойынша ақпаратты іске асыру және дайындау жөніндегі басқарманың жұмысын үйлестіру, жетекшілік ететін мәселелер бойынша жеткізушілер мен мердігерлердің шарттық міндеттемелерді орындауына мониторинг жасауды жүзеге асыру, Министрлік тарапынан орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік саясаттын іске асыру жөніндегі қызметін тәрбие мен қосымша білім беру ұйымдарында үйлестіру, қосымша білім беру мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының жарғыларын бекіту, мемлекеттік білім беру тапсырысына қатысты көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастыру және бекіту, әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемаларын қалыптастыруда қосымша білім беру мекемелерінің (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармалары, сондай-ақ аудандарда, қалаларда немесе қалалардағы аудандарда орналасқан есеп беретін және бақылайтын білім бөлімдері) арасындағы функцияларды бөлуді әзірлеу және бекіту, қосымша білім беру бойынша білім беру қызметтерін көрсетуге үлгілік шарттың нысандарын әзірлеу, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша шаралар қабылдау, қосымша білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісім бойынша Министрліктің даму жоспарын бекіту, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыру, олардың қосымша білім беру саласында іске асырылуын жүзеге асыру, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын қосымша білім беру саласындағы аяқталған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша есептерді бекіту, қосымша білім беру ұйымдарында ғылыми (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналық қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру, қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту, қосымша білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру, салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, қосымша білім берудің халықаралық бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру, шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізу және өз құзыреті шегінде қосымша білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру қағидаларын белгілеу, жұмысты үйлестіру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 22.12.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.12.2025 – 25.12.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10Мбт

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы. 8, 11 кіреберіс.

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-21-29