Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті «Келешек мектептері» қызметін және мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын мониторингілеу басқармасының басшысы (С-3 санаты, 1 бірлік, №20-8-1)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

422 437

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Жаратылыстану ғылымдары (биология)
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика
  • Жаратылыстану ғылымдары: химия
  • Жаратылыстану ғылымдары: география
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
  • Физика және информатика

Функционалды міндеттер

Басқарма басшысы басқарманың жалпы басшылығын, ұйымдастырылуын және жұмысын жоспарлауды жүзеге асырады, қойылған міндеттердің уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді, өндірістік және еңбек тәртібінің сақталуын бақылайды, сондай-ақ «Келешек мектептері» білім беру ұйымдарында, жекеменшік және халықаралық мектептерде бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырады. Педагог мәртебесі туралы Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын, 2023–2029 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында орта білім беруді дамыту тұжырымдамасын (2- бап), Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын және тапсырмаларын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын, Оқу-ағарту министрлігінің және оның Операциялық жоспарын, «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасы шеңберіндегі іс-шараларды, сондай- ақ ҚР Оқу-ағарту министрі мен өңір әкімдері арасындағы меморандумдардың тармақтарын және өңірлерді дамыту бағдарламаларын орындау бойынша жұмысты үйлестіреді. Басқарма басшысы орта білім беру бойынша статистика мен әкімшілік есептілікті қалыптастыруды ұйымдастырады, Ұлттық білім беру деректер базасының (ҰБДБ) мәліметтерін талдау және мониторинг жүргізеді, Оқу-ағарту министрлігінің алқа отырыстары, Қазақстан Республикасы Үкіметі отырыстары, тамыз педагогикалық кеңестері және өңірлермен апта сайынғы селекторлық кеңестер үшін талдамалық және ақпараттық материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді.
Нормативтік құқықтық және заңға қосымша актілерді әзірлеуді үйлестіреді, педагогтардың қызметіне әдістемелік және әдіснамалық қолдау көрсетеді, тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшеліктерін дайындауды, орындалған жұмыстар актілерінің дұрыс рәсімделуін бақылайды, сондай-ақ орта білім беру бағдарламалары бойынша бюджет өтінімдерін, қаржыландыру жоспарларын және мемлекеттік сатып алуларды қалыптастыруға қатысады және олардың орындалуы мен түзетілуін бақылайды. Инновациялық қызмет аясында «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының іске асырылуын қамтамасыз етеді, білім беру үдерісіне цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу процестерін үйлестіреді және олардың тиімділігін бағалайды. Жергілікті атқарушы органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, өзіне жүктелген бағыттар бойынша халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз етеді, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жүргізуді және ақпараттық саясатты іске асыруды ұйымдастырады. Кадр саясаты саласында басқарма басшысы «Келешек мектептері» білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтарын тағайындау, ауыстыру және қызметтен босату, кадр резервін қалыптастыру, сондай-ақ білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингтеу жұмыстарын үйлестіреді. Басқарма басшысы еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауға, өз құзыреті шегінде мемлекеттік ақпараттық жүйелерде жұмыс істеуге, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын орындауға, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген мерзімде қарауға, жұмыстан босату немесе ауыстыру кезінде құжаттаманы және материалдық-техникалық құралдарды тапсыруға, байланыс деректерінің өзгеруі туралы уақытылы хабарлауға және басшылықтың өз құзыреті шегіндегі өзге де тапсырмаларын орындауға міндетті.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 05.12.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.12.2025 – 10.12.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10Мбт

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы. 8, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-21-29