Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті білім саласын бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы (С-3 санаты, 1 бірлік, №22-5-1)
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Астана қаласы
422 437
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Білім (білім саласы)
- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
- Музыкалық білім
- Бейнелеу өнері және сызу
- Дене шынықтыру және спорт
- Физика
- Химия
- Тарих
- Құқықтану
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары (биология)
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Физика және информатика
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметінің негізгі бағыттары бойынша талдамалық және ақпараттық материалдарды, есептерді дайындау, білім саласындағы мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелермен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс қимыл жасау, аумақтық бөлімшелердің әкімшілік істерді қозғау және құқық бұзушыларды жауапқа тарту кезінде әкімшілік іс жүргізу заңнамасының сақтауына, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауына, олардың қаралуы немесе соттарға жіберілуіне, білім саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілу бойынша қызметін үйлестіруге және ішкі бақылау жүргізу, Басқарма құзыреті шегінде Комитет басшылығына білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру, білім саласын дамытудың басым бағыттарын айқындау жөнінде ұсыныстарды әзірлеуге және енгізу, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу жөніндегі аумақтық бөлімшелердің қызметін үйлестіруге және ішкі бақылау жүргізу, білім беру ұйымдарына жоспардан тыс тексерулер жүргізу бойынша аумақтық бөлімшелердің қызметін үйлестіруге және ішкі бақылау жүргізу, білім беру ұйымдарына бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу бойынша аумақтық бөлімшелердің қызметін үйлестіруге және ішкі бақылау жүргізу, Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы орындауға міндетті жазбаша нұсқамалар беру жөніндегі аумақтық бөлімшелердің қызметін ұйғарымда белгіленген мерзімдерде үйлестіруге және ішкі бақылау жүргізу, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мемлекеттік бақылау жүргізу бойынша аумақтық бөлімшелердің қызметін үйлестіру және ішкі бақылау жүргізуге, сондай-ақ оларға комитет қызметінің бағыттары бойынша әдістемелік көмек көрсету, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген, сыбайлас жемқорлық және тиімсіз іске асырылатын құқық нормаларын анықтау, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге, сондай-ақ өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге немесе олардың күші жойылды деп тану жөнінде уақтылы шаралар қабылдау үшін басқарма әзірлеген және (немесе) іске асыратын заңға тәуелді актілерге қатысты тұрақты негізде мониторинг жүргізу, лицензиялау және хабарлау рәсімдері саласындағы мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелермен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс қимыл жасау, білім беру қызметімен айналысуға лицензиялауды электрондық түрде жүзеге асыру жөніндегі Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қызметін оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы үйлестіру, білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру, лицензиарларды, лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және оларды рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан келетін ресми құжаттарға апостиль қою жөніндегі Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу жөніндегі Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметті бастау немесе тоқтату туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру жөніндегі Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіпті қоса алғанда, хабарлама тәртібімен жұмыс істейтін білім беру ұйымдарының қызметін тоқтата тұру жөніндегі Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру, басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.idrisova@edu.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы. 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-21-29