Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаменті Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы (С-4 санаты, 1 бірлік, №10-4-3)
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Астана қаласы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Әлемдік экономика
Функционалды міндеттер
Шетелдік әріптестермен ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар (келісімдер, хаттамалар, меморандум) жобаларын әзірлеу және сараптама, оларға қол қою бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, олардың күшіне енуі бойынша мемлекетішілік рәсімдерді жүзеге асыруға; Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ережесінің 14-тармағына сәйкес шет елдермен (Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан, Қырғызстан, Катар, Кувейт, Қытай, Сингапур, Жапония, Ұлыбритания, Франция, Германия және т.б.) ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияларда, халықаралық форумдарда, конференцияларда, шет мемлекеттермен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен (Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық экономикалық одақ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және т.б.) кездесулерде Қазақстан Республикасының, Министрліктің ұстанымдарын білдіруге және қорғауға; Қазақстан Республикасының шет елдермен және халықаралық ұйымдармен мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласындағы ынтымақтастығы бойынша ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмысты үйлестіруге; Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін имидждік
іс-шараларды (форумдар, көрмелер, съездер, семинарлар және т.б.) өткізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыруға; Министрлік басшылығының дипломатиялық корпус өкілдерімен және ресми шетелдік делегациялармен хаттамалық іс-шаралар мен іскерлік кездесулерін ұйымдастыруға; Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласындағы халықаралық шарттар, келісімдер, хаттамалар, меморандум жобаларын әзірлеу және сараптама шеңберінде міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуге; ұлттық мүдделерге нұқсан келтіретін халықаралық келісімдерге нормалардың енгізілуіне жол бермеу және халықаралық ұйымдарға ұлттықтан жоғары өкілеттіктерді беру жөніндегі тәуекелдерді есепке алуды сақтауға; халықаралық аренада Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы стратегиясы мен саясатын іске асыруды қамтамасыз етуге; мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласындағы сыртқы байланыстарды дамыту бойынша бағдарламаларды, ағымдағы және перспективалық жоспарларды әзірлеу және құруға қатысуға; Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шет елдерге сапарының қорытындылары бойынша тапсырмаларын, сондай-ақ шет мемлекеттер мемлекеттері басшыларының Қазақстан Республикасына сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруды қамтамасыз етуге; Министрліктің департаменттеріне әлеуметтік, сыртқы байланыстарды дамыту бойынша жұмысқа ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету саласында қызмет ететін шетелдік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру мекемелерімен, мемлекеттік, мемлекеттік емес, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен тікелей байланыс орнату мен дамытуды қолдауға; белгіленген тәртіпте және өз құзыреті шеңберінде Департамент пен Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, аумақтық органдармен және өзге де мемлекеттік басқару органдарымен, білім беру ұйымдарымен өзара әрекеттестікті жүзеге асыруға; өз құзыреті шегінде жоғары тұрған және өзге де мемлекеттік органдардың, Министрлік, Департамент және Басқарма басшылығының тапсырмалары бойынша ақпараттық, талдамалық, таныстыру материалдарын, баяндама жобаларын дайындауды жүзеге асыруға; Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Мемлекеттік органдардың Интранет-порталында тиісті ақпаратты уақтылы орналастыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
kadrmprk@mail.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы. 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-21-29