Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті Тәрбие жұмысы басқармасының бас сарапшысы (С-4 санаты, 1 бірлік, № 05-4-4)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Филология
  • Психология
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)

Функционалды міндеттер

Балаларды тәрбиелеу саласындағы азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету; балаларды тәрбиелеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру; балаларды тәрбиелеу саласында министрлік қалыптастыратын мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылын, ынтымақтастығын және қызметін үйлестіруді жүзеге асыру; балаларды тәрбиелеу саласында білім беру қызметтерінің сапасын басқаруды жүзеге асыру; балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша өтініштерде (өтініштерде, шағымдарда), сұрау салуларда, ұсыныстарда, жауаптарда және хабарламаларда жеке және заңды тұлғалар көтеретін жүйелік проблемаларды талдауды, мониторингтеуді және анықтауды жүзеге асыру; балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру; құзыреті шегінде ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; өз құзыреті шеңберінде республикалық маңызы бар іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; жергілікті атқарушы органдардың, облыстық, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының, қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің, білім беру ұйымдарының балалар арасындағы этносаралық және мәдениетаралық келісімді нығайту мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру және мониторингілеу; оқушылардың бойында толеранттылықтың жоғары мәдениетін, тұлғааралық және этносаралық коммуникацияларды қалыптастыруды, балалар мен жасөспірімдер арасында алдын алу шараларын қабылдауды және этносаралық қақтығыстарды анықтауды қамтамасыз ету; орта білім беру ұйымдарында сыныптық басшылық туралы ережені, орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды әзірлеу; көрсетілген патриотизм және белсенді азаматтық ұстанымы үшін он төрт жастан отыз бес жасқа дейінгі балалар мен жастарды айрықша белгісімен марапаттау қағидаларын әзірлеу және белгімен марапаттау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын ұйымды (әкімшіні) айқындау; Департаменттің жоғары тұрған органдардың хаттамалық тапсырмаларын, бағдарламалық және стратегиялық құжаттарды (жинақтарды)уақтылы орындау жөніндегі жұмысын үйлестіру; құпиялылық және ақпараттық қауіпсіздік режимі талаптарының сақталуын, сондай-ақ таралуы шектеулі мәліметтерді қамтитын құжаттармен жұмыс істеуді қамтамасыз ету; тәрбие жұмысының жүйесін дамыту бөлігінде білім беру жүйесінің жай күйі туралы жыл сайынғы Ұлттық баяндаманы дайындау арқылы қоғам мен мемлекетті тәрбие жүйесінің жай күйі және оның қызметінің тиімділігі туралы объективті ақпаратпен қамтамасыз ету; ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының жарғыларын бекітуге енгізу; құзыретіне кіретін мәселелер шегінде Департамент, Министрлік басшылығының басқа да тапсырмаларын орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 24.10.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.10.2025 – 30.10.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10Мбт

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы. 8, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-21-29