Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаменті Стратегиялық жоспарлау және талдау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (1бірлік), № 10-3-4

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика
  • Жаратылыстану ғылымдары: химия
  • Жаратылыстану ғылымдары: биология
  • Жаратылыстану ғылымдары: география
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
  • Бухгалтерлік есеп және аудит

Функционалды міндеттер

Басқарманың негізгі міндеттерін, сондай-ақ басқарма мен Департамент басшылығының тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етуге; негізгі стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды талдау негізінде білім беру жүйесін дамытуды қалыптастыруға және өз құзыреті шегінде білім беру жүйесінің проблемалық мәселелерін шешу үшін тәуекелдерді басқару және оларды азайту бойынша ұсынымдар әзірлеуге; Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Мемлекеттік органдардың Интернет-порталында тиісті ақпаратты орналастыруға; Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын және өзге де жоспарлау құжаттарын, оның ішінде саланы дамыту тұжырымдамасын әзірлеу және үйлестіру, соның ішінде 2029 жылға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспары (ҚР ҮҚ жобасын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің құрылымдық бөлімшелерімен, мүдделі ОМО, ЖАО, үкіметтік емес ұйымдармен, Үкімет аппаратымен, ҚР ПӘ, «Атамекен» ҰКП, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Қоғамдық кеңесімен келісу және пысықтау); Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын іске асыру мәселелері бойынша үйлестіруді жүзеге асыруға; жетекшілік ететін мәселелер бойынша білім беру саласындағы орнықты даму мақсаттарын іске асыруды үйлестіру мен мониторингтеуді жүзеге асыруға; дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсарту бойынша ақпаратты дайындау және енгізу бойынша жалпы үйлестіруді жүзеге асыруға; елдің бәсекеге қабілеттілігінің мониторингі бойынша жыл сайынғы баяндаманы дайындау үшін «Адами капиталды дамыту» стратегиялық бағыты бойынша талдамалық материалдарды әзірлеу бойынша жалпы үйлестіруді жүзеге асыруға; Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуы туралы жыл сайынғы Ұлттық баяндаманы дайындауды үйлестіру және дайындау және басып шығару бойынша бюджеттік өтінімді қалыптастыруға қатысу, сондай-ақ бюджетті игеру жөніндегі материалдарды уақтылы ұсынуға; білім беру саласындағы проблемалық мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар туралы ҚР Үкіметінің Аппаратына, ҚР Президенті Әкімшілігіне есептілікті дайындау және жіберуге; ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасының, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарлардың мониторингін іске асыруды қамтамасыз етуге; МЖЖ құжаттарын іске асыру, олардың тиімділігін бағалау бойынша мониторинг пен дайындықты, ақпаратты енгізуді қамтамасыз ету және МЖЖ құжаттарын іске асыруды үйлестіруді қамтамасыз етуге; ҚР Премьер-Министрінің, ҚР Премьер-Министрінің орынбасарларының және Министрлік басшылығының өңірлерге сапарларына материалдар дайындау саясатын қалыптастыру және үйлестіруге.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 24.09.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

25.09.2025 – 29.09.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10Мбт

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, кіреберіс 11

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-21-29