Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Инвестициялық саясат және инфрақұрылымды дамыту департаменті инвестициялық жобалар басқармасы бас сарапшысы, С-4 санаты, (1 бірлік) № 09-4-4

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Бизнес және басқару
  • Құқық

Функционалды міндеттер

Департаменттің, Басқарманың жұмыс жоспарларында айқындалған тапсырмалардың, сондай-ақ басқарма мен Департамент басшылығының тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету; Министрліктің құзыреті шеңберінде мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру бойынша Департамент басшылығына ұсыныстар әзірлеу және енгізу; мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының объектілерін салу, реконструкциялау, жаңғырту, жаңғырту жөніндегі жобаларды әдіснамалық сүйемелдеуді, мониторингті және іске асырылуын бақылауды жүргізу; апатты мектептерді, үш ауысымды оқытуды, орта білім беру ұйымдарында оқушы орындарының тапшылығын жою жөніндегі мәселелерді шешуге бағытталған жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мониторингті қамтамасыз ету; Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік және құқықтық актілерді әзірлеу; мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру (құрылыс, реконструкция)объектілерінің инфрақұрылымын дамытудың перспективалық жоспарларының іске асырылуына мониторинг жүргізу; Министрліктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының инфрақұрылымы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің Ұлттық жобалау кеңсесімен, Министрліктің және басқа да мемлекеттік органдардың жобалау Кеңсесімен өзара іс-қимыл жасау; Департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін ведомстволық бағынысты ұйымдардың, жобалау, инжинирингтік, консалтингтік және басқа компаниялардың қызметкерлерін, тәуелсіз сарапшыларды, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдарды тарта отырып құрылған жобалау тобының қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; қажет болған жағдайда департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстардың қаржылық-экономикалық негізділігі бойынша есептеулер жүргізу; Департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өңірлерге және ведомстволық бағынысты ұйымдарға әдістемелік сүйемелдеу көрсету; апатты мектептерді жою, үш ауысымды оқыту, іске асырылатын оқушы орындарының тапшылығы мәселелері бойынша мемлекет Басшысының тапсырмаларын жергілікті атқарушы органдардың іске асыруы туралы шолу ақпаратын қалыптастыру; ҚР Президенті жанындағы реформалар жөніндегі Жоғары Кеңестің жұмысы шеңберінде реформалар әзірлеуді, материалдар дайындауды жүзеге асыру; Министрліктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік жоспарлау жүйесінің: саланы/саланы дамыту тұжырымдамаларының, ұлттық жобалардың және т. б. құжаттарын әзірлеуге және келісуге қатысу; Министрліктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша нормативтік құқықтық базаны қалыптастыруға қатысу; Басқарма құзыреті шеңберінде семинар-кеңестер, конференциялар ұйымдастыруға және өткізуге қатысу; белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде Департамент және Министрлік бөлімшелерімен, аумақтық органдармен және өзге де мемлекеттік басқару органдарымен, білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; өз құзыреті шегінде Жоғары тұрған және өзге де мемлекеттік органдардың, Министрлік, Департамент және Басқарма басшылығының тапсырмалары бойынша ақпараттық, талдамалық, презентациялық материалдар, баяндамалар жобаларын дайындауды жүзеге асыру; Министрліктің жобалау қызметіне қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 24.09.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

25.09.2025 – 29.09.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10Мбт

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, кіреберіс 11

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-21-29