Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру департаменті техникалық және кәсіптік білім мазмұны және әдіснамасы, серіктестікті дамыту басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (1 бірлік), № 06-3-2
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Астана қаласы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (білім беру саласы)
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
- Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (білім беру саласы)
- Құқықтану
- Экономика
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Мазмұн мен әдіснама, әріптестікті дамыту мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілер әзірлеуге және қатысуға; Worldskills аймақтық, республикалық, халықаралық Чемпионаттарын өткізу бойынша жұмыс ұйымдастыруға; Worldskills Чемпионаттарын өткізу бойынша нормативтік және құқықтық актілер мен басқа да құжаттарды әзірлеуге және бекітуге; WorldSkills Kazakhstan қозғалысын дамыту жөнінде кеңес жұмысын ұйымдастыруға; қорытынды аттестаттауды WorldSkills демонстрациялық емтихан түрінде енгізуді және WorldSkills кәсіптік стандарттардың талаптарын білім беру бағдарламаларының мазмұнына енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыруға; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын және онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеуге және бекітуге; мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша сырттай, кешкі оқу, онлайн-оқу, сондай-ақ экстернат нысандарында білім алуға жол берілетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесін әзірлеуге және бекітуге; жалпы білім беретін пәндер циклінің немесе модулінің үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеу және бекіту жұмысын ұйымдастыруға; ақпараттандыру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді дайындау және бекіту жұмыстарына қатысуға; оқу процесіне цифрландыруды енгізу, пайдаланылатын оқытуды басқару жүйелерінің (LMS) қызметіне мониторинг жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыруға; ақпараттық технологиялар, байланыс және жасанды интеллект саласында кадрлар даярлау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға; Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігін дамытудың стратегиялық даму жоспарын, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің операциялық жоспарын іске асыруға қатысуға; Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мазмұны бөлігінде Жалпыұлттық жоспардың тармақтарын орындау бойынша ақпарат ұсынады; Қостанай облысының білім басқармасының қызметіне жетекшілік етеді және Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім, Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді; жетекшілік ететін сұрақтар бойынша әртүрлі конференциялар, семинарлар, жиналыстар дайындау мен өткізуге қатысады; қызметтік хаттар, тиісті облыс бойынша азаматтардың арыздары мен үндеулеріне тиісті қорытындылар даярлайды, ақпараттар мен жауаптар, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру сұрақтары бойынша республикалық білім мекемелерімен және облыстық білім басқармаларымен қарым-қатынас жасайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
kadrmprk@mail.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, кіреберіс 11
-
8 (7172) 74-21-29