Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты (1 бірлік), 21-6-5
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті
Астана қаласы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Құқық
- Аударма ісі
- Құқық қорғау қызметі
- Әлеуметтану
- Психология
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
- Жаратылыстану ғылымдары: физика
- Жаратылыстану ғылымдары: химия
- Жаратылыстану ғылымдары: биология
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
Функционалды міндеттер
Бала құқықтарын қорғау саласында және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын (білім беруді басқару органдары, жетім балалар мен ата-анасыз қалған балаларға арналған ұйымдар, девиантты мінез-құлқы бар және ерекше режимдегі балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдары, орта білім беру ұйымдары, балалардың демалу, сауықтыру және бос уақыт өткізу құқығын іске асыру жөніндегі білім беру ұйымдары, арнаулы білім беру ұйымдары, Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары) білім беру ұйымдарына қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) барып және бармай-ақ жоспардан тыс тексерулер, профилактикалық бақылау жүргізу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді; бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды, олардың сақталмауы балалардың өмірі мен денсаулығына, заңды мүдделеріне қатер төндірген фактілерді айқындау бойынша баланың құқықтарын қорғау саласында қатысты тексеру парақтарын жасау үшін ұсыныстарды әзірлеуге қатысады; мүдделі министрліктермен, ведомстволармен және жергілікті атқарушы органдармен жоспардан тыс тексерулер жүргізу, бала құқықтарын қорғау саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) барумен және бармай профилактикалық бақылау мәселелері бойынша және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты өзара іс- қимылды жүзеге асырады; ҚР-да жоспардан тыс тексерулер жүргізу, бала құқықтарын қорғау саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) барып және бармай-ақ және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты профилактикалық бақылау жүргізудің заңнамасын қолдануды қамтамасыз етеді; бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімін жасайды және бекітеді; бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізудің бекітілген жартыжылдық тізімдерін құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға жібереді; бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай-ақ профилактикалық бақылау жүргізудің жылдық тізімін жасайды және бекітеді; білім беруді басқару органдарының, жетім балалар мен ата-анасыз қалған балаларға арналған ұйымдардың, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізеді; бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, тексеру мен профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт жасайды; құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тағайындау туралы актіні тіркейді; бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, анықталған бұзушылықтарды жою және профилактикалық бақылау бойынша тексеру нәтижелері туралы акт/нұсқама жасайды; Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген негіздер бойынша білім беруді басқару органдарының, жетім балалар мен ата-анасыз қалған балаларға арналған ұйымдардың, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізеді; бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, анықталған бұзушылықтарды жою және профилактикалық бақылау бойынша тексеру нәтижелері туралы акт/нұсқама жасайды; бала құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама жасайды; әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін ҚР ӘҚБтК сәйкес өрескел бұзушылықтар анықталған жағдайда материалдарды сотқа жібереді; жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және отбасына қабылдағысы келетін адамдардың республикалық деректер банкіндегі деректерді, білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін, уәкілетті ұйымдар мен мемлекеттік органдардың мәліметтерін сұрау салу және әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді өзара салыстыру арқылы білім беруді басқару органдарының, жетім балалар мен ата-анасыз қалған балаларға арналған ұйымдардың, білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай- ақ профилактикалық бақылау жүргізеді; уәкілетті орган бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда ұсынымдар жасайды және жолдайды; бақылау субъектісінің тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдарды, нұсқаманы, актіні орындауын бақылайды; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша республикалық кеңестер, конференциялар, семинарлар, акциялар дайындауды ұйымдастырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
kadrmprk@mail.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, кіре беріс 11
-
8 (7172) 74-21-29