Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаменті Стратегиялық жоспарлау және талдау басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты (1 бірлік), 10-3-5
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Жаратылыстану ғылымдары: химия
- Жаратылыстану ғылымдары: биология
- Жаратылыстану ғылымдары: география
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
- Бухгалтерлік есеп және аудит
Функционалды міндеттер
Департаменттің, Басқарманың жұмыс жоспарларында айқындалған тапсырмалардың, сондай-ақ басқарма мен Департамент басшылығының тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету; өз құзыреті шегінде білім беру жүйесінің даму саясатын қалыптастыру және білім беру жүйесіндегі мәселелерді шешу бойынша практикалық ұсыныстармен анықтау Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Мемлекеттік органдардың интранет-порталында тиісті ақпаратты орналастыру НҚА жобаларын әзірлеу және қарау; Өңірлердің әлеуметтікэкономикалық даму кешенді жоспарларын әзірлеу және құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп талқылауды үйлестіру; Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары тармақтарын бекіту (Министрлік құрылымдық бөлімшелерімен ОМ бұйрығы жобасын келісу және талқылау); Сала дамуы бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін тәуелсіз сарапшылар тобын және жұмыс топтарын құру (Министрлік құрылымдық бөлімшелерімен ОМ бұйрығы жобасын келісу және талқылау); Қазақстан Республикасының Үкіметінің отырыстарының күн тәртібіне ұсыныстар енгізу; Министрлікке қарасты ұйымдардың алдағы жылға арналған негізгі мақсатты көрсеткіштері бойынша ұсыныстар әзірлеу және олардың даму жоспарларын қарауды үйлестіру; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Үкімет отырыстары үшін материалдар (презентациялар, баяндамалар) әзірлеу; Мемлекеттік кеңесшінің төрағалығымен өтетін идеологиялық кеңес отырысына материалдар (оқиғалар тізбесі, анықтамалар) әзірлеу; Министрлік Коллегиясы отырысына материалдар әзірлеу жұмысын үйлестіру және Алқа отырыстарының нәтижелері бойынша тапсырмалардың орындалуын мониторинг жүргізу; Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің Республикалық Тамыз кеңесінің жалпы отырысын өткізу үшін материалдар дайындау саясатын қалыптастыру және үйлестіру және Министрлік алқасының қорытындылары бойынша берілген тапсырмалардың орындалуына мониторингті қамтамасыз ету; Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістер ұйымдастыру; Мемлекеттік органдарда, Министрлік құрылымдық бөлімшелерінде және басқа ұйымдарда өткізілетін жұмыс топтарына, мәжілістерге және отырыстарға қатысу; Департамент басшылығы жүктеген басқа да функцияларды орындау, соның ішінде мемлекеттік құпиялармен байланысты құжаттарды орындау; Білім беру саласындағы проблемалық мәселелерді шешу бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратына және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне есеп ретінде дайындап жіберу; Қазақстан Республикасының Президентінің Алдағы сайлау бағдарламасы мен жыл сайынғы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауларының орындалуына мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету; Министрлік басшылығына Үкімет отырыстарына материалдар дайындау саясатын қалыптастыру және үйлестіру. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің, Премьер-Министрдің орынбасарларының басқаруымен өтетін мәжілістерге материалдар дайындау саясатын қалыптастыру және үйлестіру; Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің, Премьер-Министрдің орынбасарларының және Министрлік басшылығының аймақтарға сапарларына материалдар дайындау саясатын қалыптастыру және үйлестіру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
kadrmprk@mail.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, кіре беріс 11
-
8 (7172) 74-21-29